Білім беру құралы ретінде әлеуметтік –мәдени контексте пайдалану, мысалы, білім алушылардың корпоративтік мәдениетін, коммуникациялық дағдыларын қалыптарстыруда қолдануға болады;
Оқыту/тәрбиелеу құралы ретінде – білім берудің дәстүрлі түрлерінен бөлек қосымша, сабақтан тыс түрлерінде, мысалы, дипломдық жұмыс, ғылыми жобалар жазуда пайдалану;
Процедуралар ретінде –мысалы, басқару үрдісінде пайдалану;
Дамыту түрі ретінде – инновациялық жолмен дамыту сипатында жүйелерді, құбылыстарды, үрдістерді дамытуда пайдалану. Дамыту – педагогикалық жүйенің әлеуметтік қызметін жоғары деңгейде жүзеге асырудағы немесе жаңа функцияны іске асырудағы білім беру жүйесіндегі (құрылымындағы, жүйеаралық байланыстардағы, әлеуетіндегі) сапалы өзгерістер. В.И.Слободчиков педагогикалық жобалаудың екі түрін ажыратады, олар:
Біріншіден, оқытуды әрекеттердің тәсілдерін игеру ретінде қарастыра отырып, білім беру үрдісін педагогикалық – психологиялық жобалау;
Екіншіден, білім беру үрдістері жүргізілетін институционалдық құрылымдар мен білім беру ортасын әлеуметтік –педагогикалық жобалау;
В.П.Бедерханова да жобалаудың көптеге тәжірибелік нұсқаларын талдай оттырып, жобалауды екі үлкен бағыттарға ажыратады.
Біріншісі, интенсивтік сипаттағы жобалар жасау және жобалау әрекеттері. Оларға ұйымдастырушылық – әрекеттік, инновациялық ойындар мен жобалау жиындары.
Екіншісі, жобалау әрекеттері негізінде ұжым мүшелерінің бірлесе отырып қадамнан – қадамға аяқ басуы арқылы білім беру мекемесіне гуманитарлық бағдар беру.
Педагогикалық жобалаудың жаңарту нысанына, мақсаттық бағыттарына және нәтижелеріне байланысты бүгінгі таңда негізгі үш түрі белсенді дамып келеді:
«Білім берудегі жобалау» және «педагогикалық жобалау» түсініктерінің өзіндік мәні жөнінен де, мағынасы жөнінен де бір бірінен айырмашылығы бар. Білім берудегі жобалауды менеджменттік, экономикалық және құқықтық, т.б. салаларда қолданылу мүмкіндігіне қарай оны педагогикалық шеңберден тыс қарастыруға болады. Сөйте тұра, гуманистік педагогика қағидаларына сай алатын болсақ, білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған кез –келген әрекет педагогикалық құндылықтармен, адамилық тұрғылармен сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, білім берудегі жобалау әрекетінің педагогикалық қызметтерді де атқаратыны белгілі. Жобалау әрекетінің мүмкіндіктері ақпараттық – комуникативтік технологияның дамуымен де кеңейді, сөйтіп, білім беру үрдісіне қатысушылардың жобалау кеңістігі қалыптасты деп айта аламыз.
Педагогикалық жобалау – педагогтар мен оқушылардың, педагогикалық қоғамның қарым қатынасының жаңа түрін, білім берудің жаңа мазмұны мен жаңа технологияларын, педагогикалық әрекеттің жаңа амалдары мен түрлерін қалыптастыру үрдісі деп анықталады.
Педагогикалық жобалау бірнеше деңгейлерде жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда, жобалау әрекеті негізінде пайда болатын өнімнің, нысанның нәтижесіне, қолданылуына байланысты қойылатын талаптарға орай білім беру жобалары тұжырымдамалық, мазмұндық, технологиялық және процессуалдық (үрдістік) деңгейлерде жүзеге асырылады.
Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі жобалау нысанының тұжырымдамасын, немесе оның болжамдық нобайын, моделін құрастыруға бағытталады. Мысалы, білім стандартының моделі, бағдарлама тұжырымдамасы, оқу жоспары жобасы, т.б. бұл деңгейдегі жоба нәтижесі универсалдық сипатта болып, келесі деңгейлердегі осыған ұқсас өнімдерді құрастырудың әдіснамалық негізі бола алады.
Жобалаудың мазмұндық деңгейі нәтиженің өзін ғана алу емес, оны пайдалану диапазондарына, қызмет ету бағытына қарай нақты сапаларын да құрастыруды көздейді, мысалы, бастауыш білім стандартын жасау, лигвистикалық гимназияны дамыту бағдарламасы, әлеуметтік педагогтар мамандығының оқу бағдарламасы, т.б.
Жобалаудың технологиялық деңгейі берілген контексте қолданылатын тәсілдердің алгоритмдік сипаттамасын беруді көздейді, мысалы, тұлғалық – бағдарлы оқыту технологиясы бойынша сабақ жоспарын құру, топтық әрекеттер әдістемесінің алгоритмі, т.б.
Процессуалдық, үрдістік деңгей жобаның тәжірибеде қолдануға дайын түрін сипаттайды, мысалы, сабақтардың әдістемелік жоспары, шараларды өткізу сценарийлері, тәрбие жұмысының әдістемесі, т.б.
Егер «жоба» тұрақты күйдегі ұғымды білдірсе, онда «жобаны жасау» оны құрастыру қозғалыстары болып табылады, өйткені ойлау әрекеттері ұйымдастырушының бірқатар ізденістік–зерттеу қызметтерін, ойлау операцияларын көздейді, олар – болжау, жобалау, модельдеу, құрастыру. Ал жобаны жүзеге асыру – ұйымдастырушының басқарушылық әрекеттеріне қатысты операцияларын – бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау, т.б. қажет етеді. Олай болса, болжам жасау, жобалау, модельдеу, құрастыру, бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау әрекеттері жобалау қызметінің өз алдына жеке түрлері реінде қарастырыла алады. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының бойында аталған әрекеттер жүйесі көлемі жағынан шағындау деңгейде осы ретпен орындалып жатады. Мысалы, белгілі бір ауқымды проблеманы болжау барысында төмендегі жобалау алгоритмі рет –ретімен орындалады:
Білім беруді дамыту стратегияларына жасаған талдаулар көрсеткендей, бүгінгі өзгерістер «реформалау», «жаңарту» деген түсініктер шеңберінде жүргізілуде. Олардың мәні өзгерістердің нақты нәтижелік мақсаты болуын, нақты идеяға негізделен әрекеттер бағдарламасы болуын көздейді. Бұл жерде мынадай маңызды жағдайлар ескеріледі: олар – алға қойған мақсаттардың педагогикалық қалың көпшіліктің мүддесіне сәйкес келіп, олардан қолдау табуы және құрастырылған жоспарлар мен бағдарламалардың қолда бар мүмкіндіктерге сәйкес болуы. Шынына келгенде, білім жүйесіндегі өзгерістер жүйемен, бір қалыппен жүзеге асырылады деп айту қиын, жоспарланған негізгі бағыт та, белгіленген білім нәтижелері де дәл ойлағандай орындалмауы да мүмкін, өйткені, ол үнемі пайда болып отыратын трансформациялық әрекеттердің жаңа жағдайлардағы сипаты мен мен оларға ықпал ету амалдары мен құралдарының сол кездерде қолда болмауына да байланысты. Осы «трансформациялық үрдіс» күрделі және аз зерттелген түсінік деп айта аламыз, ол «реформалау үрдісінен» өзгеше, реформа жағдайында кез келген жүйе типологиялық ұқсастықты сақтап қалады. Оны жаңаруға өту деп те қарастыра алмаймыз, себебі, трансформациялық үрдістің негізіндегі қозғаушы күштері мен механизмдері сан алуандығымен ерекшеленеді. П.Друкер осы үрдістер жүретін қоғамдағы кезеңді «заңдылықтары жоқ дәуір» деп бағалайды.
Бүгінгі күні білім берудегі жобалау академиялық ғылым мен теориялық зерттеулерден педагогикалық тәжірибеге дейін қолданылуда. Педагогтар мен білім беру мекемелерінің инновациялық әрекеттерінің дамуы жобалаудың кеңінен қолданылуын нақты болашақпен байланыстырады. Бірақ, қазіргі жобалаудың ерекшелігі қалыптасқан әлеуметтік білім беру институтуттары тәжірибесінің шеңберіне сәйкес келмей оны өзгертуге дейін алып барады.
Осылайша, жобалау білім берудің дамыту әрекеті болып табылады, оның аясында субъектінің қалыптасуы мен дамуы жүзеге асырылады.
В.И.Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау мәселелері педагогикалық болжам жасауға, мұғалімнің жобалаудағы роліне негізделген. Ол білім беру үрдісінің тұтастығын төмендегі феномендермен белгілейді: «бірлескен әрекеттер», «субъектілердің теңдік қатынасы», т.б. білім берудегі жобалау әрекетінің негіздемелері болып табылдады.
Жобалау әдіснамасын білім беру саласында қарастыруға ықпал еткен Ю.В.Громыко, В.И.Борзенков, О.Г.Прикот, В.И.Слободчиков, Н.А.Масюкова еңбектерін атауға болады. Педагогикалық ғылым саласында жобалау туралы толық әрі тұтас түсінік қалыптастырған, соның ішінде, оны педагогикалық жүйелерге қатысты қолданған В.П.Беспалько болып табылады. Ол А.С.Макаренко еңбектеріне сүйене отырып, ғылыми–педагогикалық контестке «педагогикалық технология» ұғымын ендірді. Педагогикалық жобалаудың базалық компоненті ретінде қарастыра отырып «тұжырымдама» түсінігіне қосымша мазмұн берді, оқыту мен тәжірибе үрдісіне қатысты жобалау әрекетінің мәнін ашып көрсетті. Автор, сонымен қатар, жобалау қызметінің басты компоненті ретінде болашақ педагогикалық жүйенің мақсатын айқындау және қою, аралық мақсаттарды белгілей отырып, дидактикалық үрдісті жоспарлау, оқыту мен тәрбиенің мазмұны мен технологиясын таңдау, бақылау- бағалау әдістемесін жасау және оны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық шарттарын белгілеу қажеттігіне назар аударды.