Негізгі ұғымдар: әкімшілік құқықбұзушылық, заңнама, абайсызда, қасақана, жауаптылық
Әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау «26-бап)
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өзiнiң әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның зиянды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалды деп танылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау (27-бап.).
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өз әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз олардың алдын алуға болады деп ұшқары ойласа не тиiстi назар салған және көре білген жағдайда, олардың алдын алуға тиіс және солай ете алатын болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.
Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы-Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдеде қабылданған. 2 бөлім, 53 тарау, 920 баптан тұрады, оның ішінде:
Жалпы бөлімі: 9 тарау, 72 бапты;
Ерекше бөлімі: 848 бапты құрайды.
1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы осы Кодекстен тұрады.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi.
2-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.
Бұл ереже әкімшілік жауаптылықты алып тастау жағдайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды.
Бұл ереже әкімшілік жауаптылықты алып тастау жағдайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды.
3. Әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың құрамдас бөлігі болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң шығаруды талап ету туындайтын жағдайлардан басқа кезде, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңнамасының кеңiстiк тұрғысынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы Кодекс бойынша жауаптылыққа жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан не аяқталған іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық судағы немесе әуе кеңiстiгiндегі кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға да оның тұрған жерiне қарамастан, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және иммунитетті пайдаланатын өзге де шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда осы адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңнамасының уақыт тұрғысынан қолданылуы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңнаманың негiзiнде жауаптылыққа жатады.
2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгінде көзделген іс-әрекеттiң жүзеге асырылған уақыты, салдардың басталған уақытына қарамастан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақыт деп танылады.
5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның керi күшi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін немесе оның күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзге түрде жақсартатын заңның керi күшi болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалмаған құқық бұзушылыққа қолданылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылықты белгiлейтiн немесе күшейтетiн немесе тұлғаның жағдайын өзге түрде нашарлататын заңның керi күшi болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |