Катиондарды классификациялау.
Катиондарды аналитикалық топтарға жіктеу олардың тұздары мен басқа қосылыстарының ерігіштігіне негізделген. Жіктеу түріне байланысты әр түрлі жүйелік анализ әдістері пайдаланады.
Ең көп таралған күкіртсутектік, аммиакты-фосфаттық және қышқылдық-негіздік әдістер. Ең алғашқы әдіс – күкіртсутектік әдіс, 1871 жылы орыс ғалымы М. О. Меншуткин ұсынған. Әдістің негізіне катиондар сульфидтерінің орта рН-на байланысты әр түрлі ерігіштігі салынған (кесте 1). Аммиакты-фосфаттық әдіс - катиондар фосфаттарының әр түрлі ерігіштігіне (кесте 2), қышқылдық-негіздік әдіс - гидроксидтер мен тұздардың әр түрлі ерігіштігіне (кесте 3) негізделген.
Катиондардың күкіртсутектік әдіс бойынша жіктелуі
Кесте 1
Аналитикалық
топ
|
Катиондар
|
Топтық реагент
|
Түзілетін қосылыстар ерігіштігі
|
І
|
К+, Na+, Lі+,
NH4+, Мg2+
|
Жоқ
|
Сульфидтері, карбонаттары*, хлоридтері, гидроксидтері* суда жақсы ериді
|
II
|
Ва2+, Sг2+, Са2+
|
(NН4)2СO3 ,
NH3•Н2О+ NН4Cl
рН=9,25
|
Карбонаттары суда ерімейді
|
III
|
Fе2+, Fе3+, Сг3+, А13+, Мn2+, Ni2+ , Zn2+, Со2+
|
(NН4)2S, NH3 • Н2О+NH4С1
рН = 9,25
|
Сульфидтері суда ерімейді**, ал сұйытылған қышқылдарда ериді
|
IV
|
Сu2+, Нg2+, Ві3+, Sn2+, Sn (IV), SЬ (III), SЬ (V), Аs (III), Аs (V)
|
Н2S, НС1
рН = 0,5
|
Сульфидтері суда** және сұйытылған қышқылдарда ерімейді
|
V
|
Аg+, РЬ2+, Нg22+
|
HCl
|
Хлоридтері суда және сұйытылған қышқылдарда ерімейді
|
*— Mg2+ басқа
**— Сг3+, А13+ сульфидтері суда ыдырайды
Катиондардың аммиакты-фосфаттық әдіс бойынша жіктелуі
Кесте 2
Аналитикалық
топ
|
Катиондар
|
Топтық реагент
|
Түзілетін қосылыстар ерігіштігі
|
І
|
Аg+, РЬ2+, Нg22+
|
HCl
|
Хлоридтері суда және сұйытылған қышқылдарда ерімейді
|
ІІ
|
Sn2+, Sn (IV),
SЬ (III), SЬ (V)
|
НNО3
|
Метастаннат және метастибиат қышқылдары суда ерімейді
|
III
|
Ва2+, Sг2+, Са2+,
Мg2+, Li+, Мn2+,
Fе2+, А13+, Сг3+,
Fе 3+
|
(NН4)2НРО4,
конц. NH3 • Н2О
|
Фосфаттары суда және аммиактың артық мөлшерінде ерімейді
|
IV
|
Сu2+, Сd2+, Нg 2+,
Со2+, Nі2+, Zn2+
|
(NН4)2НРО4,
конц. NH3 • Н2О
|
Фосфаттары суда ерімейді, ал аммиактың артық мөлшерінде ериді
|
V
|
Na+, К+, NН4+
|
Жоқ
|
Хлоридтері, нитраттары, фосфаттары суда жақсы ериді
|
Катиондардың қышқылдық-негіздік әдіс бойынша жіктелуі
Кесте 3
Аналитикалық
топ
|
Катиондар
|
Топтық реагент
|
Түзілетін қосылыстар ерігіштігі
|
І
|
К+, Na+, Lі+,
NH4+
|
Жоқ
|
Хлоридтері, сульфаттары, гидроксидтері суда жақсы ериді
|
II
|
Аg+, РЬ2+, Нg22+
|
HCl
|
Хлоридтері суда және сұйытылған қышқылдарда ерімейді
|
III
|
Ва2+, Sг2+, Са2+
|
Н2SО4
|
Сульфаттары суда және қышқылдарда ерімейді
|
IV
|
А13+, Zn2+, Сг3+, Sn (II), Sn (IV), Аs (III), Аs (V)
|
Конц. NaОН артық мөлшері +3 % Н2О2
ерітіндісі
|
Гидроксидтері суда ерімейді, ал сілтінің артық мөлшерінде ериді
|
V
|
Fе2+, Fе3+, Мg2+, Мn2+, Ві3+, SЬ (III), SЬ (V)
|
Конц.
NH3•Н2О артық мөлшері
|
Гидроксидтері суда, сілтінің және аммиактың артық мөлшерінде ерімейді
|
VI
|
Cо2+, Ni2+,
Cd2+, Сu2+, Нg2+
|
Конц.
NH3•Н2О артық мөлшері
|
Гидроксидтері суда және сілтінің артық мөлшерінде ерімейді, ал аммиактың артық мөлшерінде ериді
|
Достарыңызбен бөлісу: |