Модельдеу жүйесі (modeling system)
– зерттелетін жүйенің немесе оның элементтерінің
математикалыќ және физикалыќ аналогтарын ќұру және талдау. Модельдік тәжірибе
зерттеу тєсілі ретінде жүйені жаңғыртуға және зерттеуге мүмкіндік береді, ал зерттелетін
жүйеге тікелей тәжірибе жүргізу ќиын, немесе экономикалыќ тұрғыдан тиімсіз болуы
мүмкін[1].
Табиғи объектілерді ешқандай модельдің толықтай бейнелей алмайтындығы белгілі.
Табиғи объектілердің элементтерінің арасындағы байланыстардың көбінесе белгісіз
болуы олардың күрделілігін айқындайды. Сондықтан табиғи объектілердің модельдері
түпнұсқаға қарағанда қарапайым болады. Адамдар тарапынан құрылатын объектілерде
мұндай жағдайлардың толыќ ескерілмеуі мүмкін.
Бірақ модельдеу барысында модельдеу мақсаты тұрғысынан қажетсіз детальдар
еленбейді.
Модельдер не үшін қажет?
1-сурет. Модельдеудің жалпы схемасы
Адамның практикалық, ғылыми қызметтерінде жұмыс істеуіне тура келетін объектілердің
қандай да бір алмастырушысын құрады. Мұның табиғи көшірме – картина/скульптура;
самолеттің ұшу қасиетін зерттеуге белгіленген макеті; қандай да бір бұйымның партиясын
дайындауға арналған үлгісі болуы мүмкін.
Адамның оқып үйренетін объект туралы ақпараттық моделінің негізін құрайтын қажетті
ақпараттарды жинақтауы қажет.
Практикалық есепті шешу тұрғысынан модельдерді пайдалану оқып үйренетін
объектілердегі модельдеудің мәнін, мазмұнын демонстрациялауға мүмкіндік береді.
“Модель” термині көп мағыналы. Модель деп қандай да бір заттың кішірейтілген
көшірмесін (самолет моделі, тұрғын үйлер макеті), математикалық формулаларды,
бұрыштан горизонтқа лақтырылған дененің ұшу моделін, іштен жану двигателі
жұмысының моделін, бұйымдарды жинау моделін, құрамы бойынша сөйлем талдау
моделін, қандай да бір нәрсенің эталонын (метр эталоны, килограмм эталоны) айтамыз.
Жалпы түрдегі “модель” түсінігі төмендегідей негізде анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: