1 Дәріс Тақырып– Тақырыбы – «Металдардың атомдық-кристалдық құрылысы»



бет1/3
Дата16.03.2023
өлшемі21,21 Kb.
#74967
  1   2   3
Байланысты:
daris 1 (1)


1 Дәріс


Тақырып– Тақырыбы – «Металдардың атомдық-кристалдық құрылысы»


Мазмұны: Металдардың жалпы сипаттамалары.
Металдардың классификациясы.
Металдардың атомдық-кристалдық құрылымы. Кристалдық тордың типтері.
Металл кристалдық құрылысының ақаулары: нүктелі, сызықты, беттік. Металдардың кристалдануы.
Сұйық күйдегі ерекшіліктер. Кристалдардың өсу механизмі. Металл кесегінің құрылысы.


Металдардың сипаттамасы. Табиғи жағдайда кездесетiн 92 элементтiң 70-ке жуығы металдарға жатады. Метал еместерге H, B, C, N, J, O, инерттi газдар, He, Ne, Ar, Kr, Xe, Rn, галогендер F, Cl, Br, J және Si, P, S сияқты элементтер жатады.
Элементтердi металдар мен бейметалдарға бөлу жеткiлiксiз, өйткенi олардың барлық ерекшелiктерi ескерiлмейдi. Кейбiр элементтер (мысалы, Sn) бiр аллотропиялық түрiнде металдық, ал басқа бiр түрiнде бейметалдық қасиет көрсетедi.
Металдар мен металл еместердiң ортасында жататын жартылай металдар (жартылай өткiзгiштер) бар. Оларға Si6 Ge, As, Se, Te, a-Sn жатады.
Қатты металда атомдар бiр-бiрiмен химиялық байланыста болады. Мұндай байланыс иондар мен валенттiк электрондардың арасында пайда болатын кулондық (электрлiк) күштердiң әсерiмен жүзеге асады. Атомдардың сыртқы валенттiк электрондары ортақ электрондық газ құрып, белгiлi бiр ретпен орналасқан иондар мен еркiн қозғала алатын электрондар системасы пайда болады.
Тәжiрибе көрсеткендей, қатты металдардың қасиеттерi, мысалы балқу және булану температуралары, атомдық көлемi, тығыздығы, кристалдық тордағы атомаралық қашықтығы, иондану потенциалы олардың атомдық салмағына немесе элементтердiң периодтық системасындағы орнына периодты түрде байланысты болады. Бұл – қатты металдардың қасиеттерi ең алдымен олардың жеке атомдарының құрылысына байланысты болатынын көрсетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет