6
Жоғарғы класс – дауыстық сигналдарды жіберетін спектрі 0,03-15 кГц
құрайды, жаңғыртуы өте жақсы. Бірінші класс – спектрі 0,05-10 кГц,
айтарлықтай жоғарғы сапа, 3 ТЧ стандарт арналары қосылған уақытта
құрастырылады (3В құрылған арнасы). Екінші класс – спектрі 0,1-6,3 кГц,
сапасы – қанағаттанарлық, 2 ТЧ стандар арнасы қосылған уақытта
құрастырылады (3В қосарлы арнасы) [1];
- телевизия телевизияның ақ-қара және түсті бағдарламаларын жіберуді
қамтамасыз етеді. Ол үшін екі типтік арна – дауыстық сигналдарды жіберу
үшін және сурет жіберу қарастырылады. Сурет сигналы қашау әдісімен
қалыптастырылады. Видеосигналдың қажетті жолақ ені 0,05 – 6,5 МГц,
телевизия арнасының динамикалық диапазоны 40 дБ. Телевизияның бір
арнасы ТЧ 1620 арнасын қажет етеді;
- телеграфты байланыс – мағыналы әріптік-сандық тексттерді,
тасымалдаушыда жазылған және бұл хабарламаларды бланкідегі жазуы,
перфолент, магнитті пленкасы бар құжат түрінде қабылдап жіберуді
қамтамасыз етеді. Оларды жіберу үшін жиілік жолағы 0,1-0,15 кГц болса
жеткілікті;
-
ақпарат жіберу – хабарламаны есептеуіш машиналармен-
компьютерлермен өңдеу үшін сандық пішімде жіберу мен қабылдауды жүзеге
асырады. Электр байланыстың бұл түрі үшін жіберудің төменгі
жылдамдығында телеграфты байланыс арналары пайдаланылады, ал жоғарғы
жылдамдықты жіберулерде ақпарат жіберудің мамандандырылған желілері
ұйымдастырады;
- фиксимальды байланыс – жылжымайтын ақ-қара суретті жіберуді
қамтамасыз етеді. Сигнал жолма-жол қашаумен құралады. Жиіліктік спектр
жіберетін сурет, қашау жылдамдығы өзгешелігімен анықталады, сигналдың
жоғарғы жиілігі 732, 1100 және 1465 Гц құрайды;
- газетті жолақтарды жіберу – газет жолақтары жиілік спектріне
беріледі 48 кГц (ТЧ 12 каналын қосу қажет) немесе 240 Гц (60 ТЖ);
- видеотелефонды байланыс – бір мезгілдегі дауыстық хабарлама мен
сөйлеушінің суретін жіберуді қамтамасыз етеді. Екі типтік арнаның болуы
қажет: сурет және ТЧ сөйлеу арнасы.
3G желілерінде ақпарат жіберу және дауыс жіберу сияқты екі базалық
қызметті ұсыну қамтамасыз етіледі. МСЭ ұсыныстарына сүйенсек, 3G желісі
келесі ақпаратты жіберу жылдамдығын қолдау қажет:
- жоғары мобильділікпен (120 км/с дейін) – 144 кбит/с артық емес;
- төменгі мобильділікпен (3 км/с – 384 кбит/с дейін);
- жылжымайтын объекттер үшін – 2048 кбит/с.
Достарыңызбен бөлісу: