1 Дәріс XVII ғ халықаралық қатынастар және халықаралық қатынастардың Вестфальдік жүйесінің құрылуы


Дәріс XІX ғ бірінші отыз жылдығында халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің қалыптасуы



бет6/12
Дата04.11.2022
өлшемі65,57 Kb.
#47575
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1 Ä?ð³ñ XVII ? õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð æ?íå õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòà

6 Дәріс XІX ғ бірінші отыз жылдығында халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің қалыптасуы
6.1 Наполеондық соғыстардың қорытындысы мен мәні.
6.21814 ж. Париж бейбіт келісім-шарты
6.3 Еуропалық державалардың күштері ара-қатынасының өзгеруі. Вена конгресі.

6.4."Қасиетті Одақ" қызметінің Үш кезеңі
Наполеонды жеңгеннен кейін барлық еуропалық державалардың өкілдері (Түркиядан басқасы) Еуропада феодалдық тәртіпті және наполеондық соғыс барысында құлатылған бірқатар бұрынғы әулеттерді қайта қалпына келтіру мәселелеріне байланысты шешім қабылдау үшін Австрия астанасында жиналды. Бұл конгресс қатысушыларын тағы да бір ортақ міндет біріктірген еді – ол революциялық және демократиялық қозғалыстармен күрес. Сонымен қатар, конгресс Франциядағы бонапарттық тәртіптің қайта оралмауына және Еуропаны жаулап алу әрекетінің болмауына тұрақты кепілдікті қамтамасыз етуі, сонымен бірге жеңімпаз державалардың территориялық дәмеленулерін қанағаттандыруы қажет болды.
23 қыркүйекте, 1814 ж. 1 қазанына белгіленген конгресс ашылуына бір апта қалғанға дейін, Венаға басқа француздық дипломаттармен қатар ХҮІІІ Людовиктің сыртқы істер министрі князь Талейран-Перигор келді. Александр Талейранды жақсы танитын еді. Оның патшадан бірнеше рет ақша сұрап алып, бермеген жағдайда ренжімейтіндігі бекер емес еді. Бірақ Талейранның барынша ақылдылығы, икемділігі, тапқырлығы, адамдарды тани білуі оны өте қауіпті қарсыласқа айналдырды. Талейран ұстанымының әлсіз жағы оның Вена конгресінде жеңілген жақтың өкілі болғандығында еді. Талейранның асқан зеректілік пен бұлтармалық қасиет көрсетуіне тура келді. Талейран Венаға келген сәтінде конгрестің басты назары қандай проблемаға ауатынын білген болатын – бұл басты польша-саксон мәселесі еді. Наполеон шегінгеннен кейін әскері Варшава герцогтығын басып алған Александр герцогтықты ешкімге де бермейтінін ашық айтты. Бұл герцогтық негізінен Польшаның үш бөлінісінен кейін Пруссия жаулап алған жерлерден тұрған, кейін, 1807 ж. Наполеон тартып алғандықтан, Пруссия королі ІІІ Фридрих-Вильгельм Пруссияға Саксония корольдіғін біріктіру түрінде компенсация алуға үміттенді. Александр бұл шартпен келісті, оның үстіне Саксония королінің иеліктерін оның ұзақ уақыт бойы Наполеонның одақтасы болғандығы үшін жаза ретінде тартып алуды жоспарлады. Талейран дәл осы негізде күрес ашудың пайдалы болатындығын бірден байқай алды. Ал дипломатиялық күрес Талейранның негізгі мақсатына жету үшін барынша қажет еді: Шомон одағын күйрету, яғни, басқаша сөзбен айтқанда, Австрия, Англия, Ресей және Пруссия арасына жік салу.
Конгресс өз жұмысын қорытындылауға кірісіп кеткен шақта, кенет оның қатысушыларын күтпеген жаңалық есеңгіретіп жіберді. 1 наурыз күні Наполеон Францияға кірді. Ал тағы үш аптадан кейін, 1815 ж. 20 наурызында Наполеон Парижге кірді. Империя қайта қалпына келтірілді. Вена конгресіндегі алауыздықтар туралы өсектің Наполеонның Эльбаны тастап шығуында басты роль атқарғаны сөзсіз. Оны Парижде ғажайып сыйлық күтіп тұр еді. Наполеонның кіруіне тек бір тәулік қалған кезде ғана қашқан корольдық кабинетінде Наполеон 1815 ж. 3 қаңтардағы баяғы жасырын келісімді тауып алды. Бұл Талейран арқылы ХҮІІІ Людовикке жіберілген үш көшірменің біреуі еді. Корольдың асыққаны соншалық, үстелінің үстінде осы құжатты қалдырып кеткен болатын. Наполеон жаушы әзірлеуге бұйрық беріп, оны осы пакетпен Венаға жібереді. Наполеон бұл пакетті император Александр І-ге тапсыруға бұйрық берді.
Дегенмен де, Наполеон алдындағы қорқыныш белең алып, Александр сол жерде Меттернихқа қалай болғанда да олардың жауы ортақ – Наполеон екендігін мәлімдейді. 1815 ж. 18 маусымында Ватерлоо түбінде Наполеон жеңіліске ұшырағаннан кейін Францияда Бурбондар екінші рет қайта қалпына келеді.
Ватерлооға дейін бірнеше күн қалғанда, 1815 ж. 9 маусымында Вена конгресінің соңғы жиналысы болды, онда 121 баптан және 17 жеке қосымшадан тұратын «Қорытынды актіге» қол қойылды. Конгреске қатысушылар мығым нәрсе құрдық деп ойлады. Бірақ конгрестің реакциялық утопиясы жаңа өндірістік қатынастарға да, Еуропадағы феодализм мен абсолютизмнің ескі қондырғыларын күйреткен жиырмы бес жылдық күреске қарамастан, жер шарының осы бөлігін ескірген құрылым шеңберінде ұстап қалуда болатын. Бұл утопия конгрестің барлық іс-әрекетінің негізінде жатты.
Халықтың Наполеонға қарсы күресі француз империясының күйреуімен аяқталды. Наполеонның жеңілісін монархиялық, феодалдық-абсолюттік мемлекеттер коалицияся өз мүддесіне пайдаланды. Наполеон империясының жойылуы Еуропадағы дворяндық-монархиялық реакцияның салтанат құруына әкелді.
Франциямен бейбіт келісім, Төрттік Одақ туралы жаңғыртылған келісім және Вена конгресінің Қорытынды акті тарихқа «веналық жүйе» атауымен енген Наполеоннан кейінгі дәуірдегі халықаралық қатынастардың негізі болды. Жеңімпаз-державалардың мүдделері қарама-қайшылықты еді. Бірақ Вена конгресінің қорытынды сатысында антинаполеондық коалиция мүшелері өзара қайшылықтарды жойып, ымыра шешімдер қабылдауға мәжбүр болды. 1814 ж. 1 қыркүйегі мен 1815 ж. 9 шілдесі аралығында жиналған Вена конгресінің қабылдаған шешімдері Еуропадағы дворяндық-монархиялық реакцияның күшеюіне ықпал етті. Революциялық және ұлт-азаттық қозғалыстармен күрес жүргізуді күшейте түсу үшін еуропалық мемелекеттердің реакциялық үкіметтері өзара Қасиетті Одақ құрды.
Еуропалық дипломатия тарихына Қасиетті Одақ революциялық рухты, саяси және діни бостандықсүйгіштікті, қай жерде бой көтерсе де, басып-жаншу идеясы негізінде құрылған, айқын клерикалдық-монархиялық идеологиясы бар біріккен ұйым ретінде енді. Жеңімпаз-елдердің Қасиетті Одағы Вена конгресі бекіткен жаңа халықаралық саяси жүйенің тірегіне айналды. Бұл Одақтың Ресей императоры І Александр жасаған актіне 1815 жылдың 26 қыркүйегінде Австрия императоры І Франц, Пруссия королі ІІІ Фридрих Вильгельм қол қойып, бұл акті олардың атынан басқа еуропалық державаларға таратылды. Қасиетті (Киелі) Одақ актісіне Англядан басқа еуропалық мемлекеттердің барлығы да қосылды. Ал Англия формалды түрде Қасиетті Одаққа кірмегенмен, оның үкіметі өз саясатын Қасиетті Одақтың жалпы желісімен көбінде үйлестіріп отыратын еді.
Қасиетті Одақтың барлығы төрт конгресі өтті: 1818 ж. Аахен конгресі, 1820 ж. Троппау конгресі, 1821 ж. Лайбах конгресі, 1822 ж. Верон конгресі. Қасиетті Одақтың негізін қалаушы үш держава басшыларынан басқа оларға Англия мен Франция өкілдері де қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет