Эмоциялар адамға оның қажеттiлiгiнiң күйi туралы сигнал берiп тұрады. Бiр нəрсеге
деген мəжбүрлiк өзектiлiгiнен, сəйкесiнше эмоциялық күйзелiстер (ашығу, қызығу) туады.
Олар қажеттiлiктер деп аталады. Қажеттiлiктiң күйiне байланысты күшеюi, азаюы,
мүлдем жоғалып кетуi, белгiсi бойынша қарама-қарсыға ауысуы мұмкiн. Қажеттiлiктiң
өмiр сүруiнiң эмоциялық негiзi мен субъективтi формасын құрайды.
Эмоциялар оятушы фукцияларды да атқарады, яғни белсендiлiктiң қайнар көзi болып
табылады. Эмоциялардың оятушы мүмкiндiктерi тiкелей олардың күшi мен белгiсiне
байланысты. Мысалы, бұл жерде қатты жəне жай ауруды, үрейдi, ұятты жəне кез-келген
басқа эмоцияларды салыстыруға болады. Белсендiлiктiң бағыты эмоцияның белгiсiмен
анықталады. Жағымды эмоциялар эмоциялық жағдайға бағытталған əрекеттердi оятады.
Əсiресе қуаныш эмоциясы осы жөнiнде ғалым Р.Х.Шакуров өте жақсы айтып кеткен.
(Психология эмоции. Новый подход – журнал ңМир психологииң, 2002, N4). Бiздiң
бойымызда қуанышымыз өмiрге деген қызығушылығымызды шақырады жəне сол арқылы
дем бередi. Қоғамға пайдалы шындық бiздiң бойымызға қуаныш əкеледi.
Жағымды эмоциялар адам өмiр жолын таңдау барысында өмiрлiк бағдар бередi
(×уприкова Н.И. Эмоциональные сигналы, Определяющий выбор жизненного пути.
Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 44-47).
Жағымсыз эмоциялар керiсiнше ояту функцияларын орындайды.
Эмоциялар адамның физиологиялық функцияларына өте қатты əсер етедi, себебi
эмоция олармен қосылып ортақ психофизиологиялық жүйенi құрайды. Сондықтан да
эмоциялар əрқашанда ағзаның азды-көптi өзгерiстерiмен бiрге жүредi. Физиологиялық
фукнцияларды эмоция арқылы реттеу мүмкiндiктерi өте көп. Олар əртүрлi бағытта
ондаған, жүздеген есе өзгеруi мүмкiн: күшеюi, əлсiреуi, тiптен толық өшiп қалуға дейiн,
жақсаруы, паталогияға дейiн нашарлауы, жылдамдауы, баяулауы жəне т.б. Көптеген
аурулар жəне уақытынан бұрын қартаю немесе жасару эмоциялық негiзде пайда болады.
Эмоциялар адамның санасы мен танымдық процестерiне де дəл осылай əсер етедi.
Эмоциялардың əсерiмен олардың мүмкiндiктерi мен фукнциялық сипаттамалары қатты
өзгерiске үшырай алады (жақсарады немесе нашарлайды). Мысалы, адам қатты стрестiң
əсерiнен ойлауы, есте сақтауы, зейiнiн тұрақтандыруы, нашарлауы, өзi əрекеттерiн саналы
бақылауының төмендеуi мүмкiн. Эмоциялық механизмдердiң негiзiнде творчествалық
ойлау мен қиял жұмыс iстейдi. Эмоциялық күйде болмаған оқиғалар бейтарапқа
қарағанда жақсырақ есте сақталады.
Эмоцияның бұл функциялық ерекшелiктерiнiң практикалық мəнi маңызды.
Эмоциялар iшкi психикалық процестер болып табылады. Бiрақта олар сырттай жақсы
көрiнедi: мимикадан, көзқарасынан, əрекеттерден, қимылдан, елестен, интонациядан
жəне сөйлеудiң басқа да ерекшелiктерiнен. Бұл басқа адамдардың эмоциялық күйiн
түсiнуге жəне олармен нəтижелi қарым-қатынас жасауға мүмкiндiк бередi.
Достарыңызбен бөлісу: