түсініктерде қандай мағына жатқанын анықтап, олардың құрылымын қарастырайық.
Адам іс-əрекеті күрделі иерархиялық құрылымға ие. Ол бірнеше деңгейлерден тұрады.
Жоғарғы деңгей – іс-əрекеттің ерекеше түрлерінің деңгейі, содан кейін əрекет деңгейі,
содан соң – операциялар деңгейі. Ал ең төменгі деңгей – психофизиологиялық
функциялар деңгейі.
Іс-əрекетті талдаудың негізгі бірлігі болып отырған
əрекет осы иерархиялық
құрылымда орталық орын алады. Əрекет – мақсатты жүзеге асыруға бағытталған процесс.
Бұл жерде мақсат – саналы бейне екеніне бірден көңіл бөлу керек. Белгілі іс-əрекетті
орындай отырып, адам үнемі осы бейнені өз санасында ұстап отырады. Осылайша, əрекет
дегеніміз – адам белсенділігінің саналы көрінісі. “Əрекет” ұғымының негізгі
сипаттамаларының төрт компоненті бар. Біріншіден, əрекет керекті компонент ретінде
сана актісін қосады. Екіншіден, əрекет – бір мезгілде жүріс-тұрыс актісі. Сонымен қатар
мынаған көңіл аудару керек, əрекет – санамен байланысқан қимыл. Жоғарыда
айтылғаннан сана мен жүріс-тұрыстың тығыз байланысы туралы қорытынды жасауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: