Спорт психологиясы - спортшылардың іс – әрекетіндегі психологиялыќ ерекшеліктерін ќарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара ќарым – ќатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, ќұрал- жабдыќтармен ќамтамасыз етілуін, психологиялыќ даярлығын іздестіре келе, оларды жаттыќтыру және күш – ќуатын жинаќтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялыќ факторларын зарттейді. Әрбір ел мен халыќтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерінде ескере отырып, оларды жаттыќтыру міндеттері аныќталды.
Сауда психологиясы– ќазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси – экономикалыќ және мєдени – материалдыќ ќажеттіліктерін өтеу маќсаттарына ќарай дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен ќатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялыќ ыќпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұќтаждығы, оларға ќызмет көрсетудің факторлары ќарастырылады.
Ғылыми – шығармашылыќ психологиясы –соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылыќ адамның жасампаздыќ ќызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айќын көрініп, ғылыми жаңалыќтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылыќ – эвристика тәсілі.