Глоссарий Анкета – сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы.
Әкімшілік мектеп — өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. Бұл мектептің негізгі ережелері А.Файольдің «жалпы және өндірістік басқару» жұмысында жасылған.
Басқару –ұйымдасқан жүйеге нысыаналы түрде ықпал жасау, оның беогіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдану.
Басшы – басқару объектісіне (бағынышты ұжымға) ықпал жасаушы және жеке дара басшылық жағдайында оның қызметі үшін заң, жоғары тұрған орган, мемлекет немесе меншік иесе, алдында жауап беретін тұлға. Кәсіпорынды басқару жүйесінде Б-ның орны мен рөлі басшылықтың түріне байланысты.
Билік– қандайда бір құралдар: ерік, жігер, күш, бедел, құқық арқылы адамдардың характеріне, мінез-құлқына белгілі-бір ықпал жасау тәсілі мен мүмкіндігі.
Басқарудың демократялық стилі – басшының бағынушыларына қандайда бір шешім қабылдау мен орындауына ерекше сеніммен қарауға негізделген басқару түрі. Бұндай басшы жұмысшылардың интеллеектуалды мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін жұмыста психологиялық жағдайды қолайлы етуге тырысады.
Басқару кадрлары –басқаруға толық қатысатын және басқару аппаратын құрайтын кәсіби жұмысшылар.
Басқару объектісі — басқарылатын жүйе (кәсіпорын, бөлімшелер, адамдар тобы)
Басқару құрылымы –басқармадағы звенолардың жекелеген жұмыскерлер жиынтығын және олардың бағыныштылығы арасындағы тікелей және көлбеу байланыстар.
Бәсеке – (лат. Conkurentia - қақтығысу, жарысу) тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын экономикалық бақталастық, тауарларды өндіру мен өткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым жоғары пайда алу.
Бизнес - (кәсіпкерлік) – қоғамның тауарларға немеск қызметтер мен жұмыстарға деген тұтынушылық қажеттіліктерін өтеуге және пайда табуға бағытталған экономикалық қызмет.
Бизнес-жоспар – кәсіпорынды белгілі-бір кезеңге дамыту мақсатында кәсіпорынның іскерлік белсенділігін арттыруға арналған ұзақ мерзімді, стратегиялық жоспар
Бақылау — іс-әрекет бағдарламасының жүзеге асқандығын тексеретін басқару функциясының бір түрі, әрі басқарудың логикалық схемасының негізі элементі бір түрі.