14.Асқазан операциясынан кейін туындайтын аурулар. Постваготомиялық бұзылыстар. Диагностикасы және емі. Асқазанға жасалған операциялар оның пішіні мен қызметін өзгертеді.Асқазан резекциясынан кейін және ваготомиямен бірге дренаждаушы операциялардан кейін байқалады.Резекциядан және ваготамядан кейін туындайтын синдромдар деп ажыратылады.
Операциядан кейінгі Морфологиялык өзгерістерден туындайтын патологиялык синдромдарға кіші асқазан синдромы, әкелгіш ілмек синдро- мы, рефлюкс-эзофагит және рефлюкс-гастритті жатқызады.
Операциядан кейінгі функционалдық бұзылыс тудыратын синдромдарға демпинг-синдромы (ерте және кеш), диареяны, анемияны, мальабсорбция- ны, метаболизмдік бұзылуды жатқызады. Соңғылары тағам ингредиенттерінін гидролизінің бұзылуымен, жіңішке ішекте майлар мен дәрумендердің жеткіліксіз денгейде сіңірілуімен (мальабсорбция синдромы) байланысты.
Асказан резекциясынан кейін науқаста пайда болатын бұзылуды келесі себептермен байланыстырады:
-асказаннын бір бөлігін кесіп алып тастағаннан кейін, онын резер- вуарлык кызметін жоғалтумен;
-калткыны алып тастаумен және кең анастомоздың қалыптасуына бай- ланысты асказан тұқылы ішіндегілерінің он екі елі ішекке немесе ащы ішекке тез түсуімен;
-ас пассажынын он екі елі ішекпен жүрмеуі және онын ас корытудағы нейрогуморалдык реттеудегі рөлін азайту (Бильрот-II әдісі бойынша - асказан резекциясы);
-функционалдык және метаболизмдік бұзылыстарымен. Асказан резекциясы қаншалықты көлемді болса, резекциядан кейінгі бұзылыстардың туындау каупі де соншалықты жоғары.
Ваготомияны антрум-резекциямен бірге жасағанда, ваготомиясыз жасалған резекциядан еш айырмашылығы болмайды, өйткені асқазанның кіші иінін мо- билизациялау барысында онсыз да кезбе жуйкенін тармактары кесіліп, геми- гастрэктомия жасағандағы сиякты асказаннын дисталды бөлігі мен калткысы алынады. Анатомиялық жағынан дұрыс жасалған антрумэктомиямен бағаналык ваготомия асказаннын үлкен бөлігін және онын резервуарлык кызметін де сактап калуға, кіші асказан синдромынын дамуының алдын алуға мүмкіндік береді. Калткыны бұзбай тек техникалык жагынан дұрыс орындалған, ягни пилоропластикасыз және өзге де асказанды дренаждаушы операцияларсыз селективті проксималды ваготомия ваготомиядан кейінгі синдромдардын аз дамуына әкеледі, әдетте олар консервативті емге көнеді, тек кейбір сирек кез- дерде ойыкжара рецидив беріп, кайта операция жасауға тура келеді.