Байланысты: 1. Диэлектриктегі электростатикалы ріс. Электр рісіндегі дипо
1. Шала өткізгіштердің электрөткізгіштігі. Донорлы, акцепторлы қоспалар, қоспалы электрөткізгіштік. Шала өткізгіштер – қалыпты температурадағы меншікті электр кедергісі r = 10-3 - 109 Ом∙см болатын заттар, өткізгіштерде бұл сипаттама r < 10-3 - 10-6 Ом∙см арасында, ал диэлектриктерде r > 109-1018 Ом∙см.
Шала өткізгіштерге элементтердің периодтық кестесінің төртінші тобындағы элементтер, интерметалдық қоспалар, тотықтар, сульфидтер, карбидтер жатады.
Шала өткізгіштердің металлдардан негізгі айырмашылықтары:
а) таза шала өткізгіштердің электр кедергісі температураға тәуелдігі жоғары болып келеді. Олардағы кедергінің температуралық еселігі КТЕ = − (5-6) % / ºС, металдарда КТЕ = (0,4 - 0,6) % / ºС;
б) шала өткізгішке қоспа қосылса оның меншікті кедергісі азаяды. Мысалы, германийге 10-5 % мышьякты қосу оның кедергісін 200 есе азайтады, ал қорытпалардың кедергісі қорытпа құрамына кіретін жеке металлдардың кедергісінен әрқашан үлкен болады.
Жартылай өткізгішті аспаптардың жұмысына негізгі мәнді электронды – кемтікті өткел орындайды. Бұл өткелді өткел деп атайды. әдетте өткелді құру үшін жартылай өткізгішке қоспаны кіргізу арқылы орындайды. Мысалы, жартылай өткізгіштің бір бөлігіне донорлы қоспаны кіргізгенде түрлі жартылай өткізгіштің, түрлі жартылай өткізгішпен, саласы құрылады.
Жартылай өткізгіштер шектескен кезде шекара қабатта электрондардың және кемтіктердің рекомбинациясы (қосылуы) өтеді.
Егер де өткелге, кернеулікті электр өрісті бекіту қабатта құратын сыртқы кернеуді ынта салсақ (7.36, а-сурет), онда бекіту қабат кеңійді, себебі-болымды және теріс заряд тасушылар (кемтіктер және электрондар) жалғасу зонадан шығарады.
Бұл жағдайда өткелдің кедергісі өте үлкен, ал ток өте кішкентай – ол негізгі емес заряд тасушылармен ғана құрылады. Бұл ток - кері, ал өткел жабық деп аталады.
Кернеу көзінің қарама-қарсы полярлық кезінде сыртқы электр өрістің бағыты қос электр қабаттың өрісіне қарсы болады, бекіту қабат жоқ болады. Бұл кездегі ток-тік , ал өткел-ашық деп аталады. өткелдің кедергісі тек жартылай өткізгіштің кедергісімен белгіленеді.