1. Еңбек туралы заңнама. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"Қазақстан Республикасының


"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес



бет2/3
Дата06.02.2023
өлшемі4,49 Mb.
#65468
түріКодекс
1   2   3
Байланысты:
Қуанышбек Аружан ТФП26

 "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

  • I. Жалпы ережелер
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметi - органдар мен мекемелердiң бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi, олардың басты мiндетi қоршаған ортаның қолайсыз факторларының халықтың денсаулық жағдайына зиянды әсерiн болдырмау, анықтап, жойып отыру, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау жасау және кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың санитариялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, санитариялық заңдарды және Қазақстан Республикасы заңдарының адамның денсаулығын сақтауға қатысты бөлiгiн орындауын қадағалау арқылы жұқпалы және кәсiптiк аурулардың алдын алу болып табылады. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын және өзге нормативтiк актiлердi басшылыққа алып отырады.

2. Химиялық сипаттағы өндірістік факторлар. Өндірістік улардың әрекетінің сипаты.

Өңдірістік факторлар

  • Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды,қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді.
  • Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
  • Жұмысшыға нақты жағдайларда жарақат немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса қауіпті
  • Ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса зиянды болып саналады.
  • Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады

Физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық факторлар

  • Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
  • 1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б.
  • 2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.
  • 3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.
  • 4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет