1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


Әдебиеттанудағы мектептер: Эстетикалық догматизм



бет65/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
ЭКЗАМЕН ӘТ

57.Әдебиеттанудағы мектептер: Эстетикалық догматизм

Эстетикалық догматизм мектебінің белгілі өкілі деп француз ақыны һәм ғалымы Никола Буалоны айта аламыз. “Поэтикалық өнер” деген трактатында көркем шығармаға күні бұрын жасалған қалыппен келу принциптері бар. Үш бірлік: орын бірлігі, уақыт бірлігі, әрекет бірлігі сақталсын дейді. Корольдар, рыцарьлар ғана қаһарман бола алмақ.

Көркем әдебиеттің даму процесі бұл мектептің жалғандығын айтылмаш шарттардың бекер нәрсе екендігін дәлелдеп берді.



58.Әл-Фараби және өнер түрлері («Поэзия өнері туралы трактат» еңбегі)

Әл-Фараби грек поэзиясындағы трагедия, дифирамба, комедия, ямб, драма, айной, диаграмма, сатира, поэма, эпос, риторика, амфигенезис және акустика қатарлы поэтикалық жанрларды атап көрсете отырып, олардың әрқайсысына сипаттама береді. «Өлең деген – тумайды жайшылықта», - деп Мұқағали ақын айтқандайын, жайшылықта тумайтын өлеңді жайшылықта «тудырған» ақындардың жаратындысы өміршең бе деген сұраққа жауап та оңай екендігі сөзсіз. Поэтикалық шығармашылыққа қабілеттілік туралы айта келе, əл-Фараби ақындарды үш топқа бөледі. Біріншісі, теориялық тұрғыдан бұл өнер негіздері жайлы білімнен ада болғанымен, поэзияның немесе барлық жанрларына табиғи қабілеті барлар. Екінші топтағы ақындар, олар табиғи дарындарымен қатар, поэзия өнерінде де терең білгірлігімен сипатталады. Оларды «ойлаушылар» деп атауға тұрады. Үшіншісінде – шығармашылық төлтумалық пен өнер канондары туралы терең білім жоқ, алғашқы екі топтағы ақындарға еліктеушілер . Əл-Фараби «Поэзия өнері жайлы» трактатында негізінен араб метрикасына сəйкес мəселелерге — бəйіттің соңғы дыбысы, ұйқас, бір бунақ немесе жолдағы қысқа дауыстылар саны, олардың өлең өлшеміне қатысты жəне т.б. тек араб поэзиясының өзіне ғана тəн сұрақтарын талдап, сонымен қатар поэзияның оған жақын өнер — риторикада қолданылу ерекшеліктеріне қатысты тұжырым жасайды. Əдебиет теориясының «еліктеу» теориясына жан-жақты, əрі терең талдау жүргізеді.

59.Р.Уэллек пен О.Уорреннің «Әдебиет теориясы» еңбегі

заманғы әлемдік әдебиеттану ғылымына зер салсақ, сөз өнерінің теориялық деңгейін жоғары биікке көтерген американдық ғалымдар Р. Уэллек пен О. Уорреннің “Әдебит теориясы” (1949) зерттеуі болып табылады. Әдебиет теориясы — әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарy зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады.

60.Әдебиеттану ғылымындағы мектептер: Мифологиялық мектеп

Шоқан мифологиялық теорияның космогониялық және демонологиялық түрлерін этнографиялық тұрғыда қарайды. Ол «Тәңірі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» аталатын еңбектерінен анық көрінеді. Бұл үш еңбекте де ғалымның негізгі сөз етер нысанасы шамандық пен ислам дінінің ара қатынасы болса да, мифтік ұғымның қалыптасуына шамандықтың тигізген әсері айқындалған. «Будда діні өзінің ырым-салтымен, мифологиялық салтанатты мұрасымен қарапайым шамандық рух пен әдет-ғұрыпты ығыстырып тастауға тиіс еді. Міне осы тұрғыдан, демек шамандық салт-сана жағынан, бақсы-балгерлік (шамандық демонология) жағынан, меніңше, монғолдарға қарағанда, қазақтар анағұрлым мол мұраға иелік етіп отыр», - деп жазады

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет