2.Ежелгі сақтар өнеріндегі мифологиялық дүниетаным көрінісі.Әскери тәртіп және оның көрінісі. Жауабы: Әскери өнердің дамуында сақ жауынгерлерінің үлкен орны бар. Олардың соғыс жүргізу өнері мыңдаған жылдар бойы жаулары мен достарының назарын аударып келді,әрі ежелгі құл иеленуші мемілекеттердің әскери өнерінің мамуы-на езіндік әсерін тигізді. Ежелгі әскери теоретиктер сақтардың әскери өнерін зеттей келе,олардың ерекшеліктерін көрсетті және пайдалануға кеңес берді.Сақтардың негізгі қаруы садақ пен ұзын найза болды. Сақ садақтары екі сеппелі бөліктен тұрды: сыммен жалғастыры-ла тартылған қос мүйіз.Геродот айтқандай,сақтар садақты кеудесіне емес,иығына койып атқан, олар оң иыққа да, сол иыққа да қойып ата берген. Сақ жауынгері – ол атты садақшы Авдиевтің айтуынша, оның күші – «жебе де, қорамсаппа және болдыруды білмейтін жүйрік атта». Садақ пен найзадан басқа, сақтарда қысқаша қылыш және арқан болды.Сақтардың қорғаныс құралдары қалқан, сауыт, бас киім болды. Қалқан шағын ғана болды, теріден жасалды. Сауыт алғашында мыстан, кейіннен темірден жасалды, денеге тиіп тұрады, бірақ жауынгердің қимыл қозғалысына кедергі жасамады.Сақ әскерлері жеке топтан рулық топ тұрды.Бірнеше отряд тосқауыл жасау үшін алдыға жіберілді және бұларды қолдану үшін қосымша күш жұмсалды. Негізгі мақсат майданның тұтастығын бұзу болды. Ұрыс шебін атты әскер құрады, жаяу соғысқан жоқ.Сақтар, негізінен өз жауын күшпен емес, айламен алды. Соғыс, әдетте, күтпеген жерден шабуыл жасау түрінде басталып отырды. Тұтқиылдан шабуыл жасап жауынның есін жиғызбастан арғы жағына өте шығуға ұмтылды немесе өтірік шегініп қапыда қарсы шабуыл жасады. Соғыс табысты өткен жағдайда сақтар жауын толық талқандағанша қуалап толық жойып жіберуе ұмтылды. Ал жеңіске ұшыраған жағдайда, айқасты өздерінің пайдасына шешілгенше жалғастыра берді.Сақтарда үнемі жайылым жетіспеді. Олардың күшін әлсіреткен ең басты нәрсе тайпалар арсындағы қақтығыстар болды.
3.Сақтар өнеріндегі аңдық стиль:киелі аңдар және синкреттік бейнелердің мазмұны. Жауабы:Б.з.б 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу – аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы – аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. “Аң стилі” өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.”Аң стилі” өнері дәстүрмен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға “өммір ағашы” дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жолбарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты.Б. з. Б. Ill—II гасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп күлдырай бастай¬ды. Аң стилі ою-орнекке айналады. Онын орнына түрлі түсті тастармен көз салып безендіру техникасы және баска да әшекейлеу тәсілдері қолданылатын полихромдық деп аталатын стиль келеді, колданбалы өнер туындылары пайда болып, оларда жануарлар дүниесінің бейнелері схемага айналып, полихромдық бай өрнекпен араласып кетеді.Бұл өнер дайын күйінде сырттан, бір жақтан әкелінген жоқ, ол сақ өнерінің қойнауынан шыққан. Ою-өрнектік полихромиянын кейбір әдістері б. З. Б. УП—VI ғасырларда-ақ жетіле бастады. Мәселен, түрлі түсті тастан көз салу, бедерлеу (алтын түйіршіктерін дәнекерлеп бекіту), тоспа эмаль (жекелеген ұяларды арнайы құрамдағы заттармен толтырып құю) Шілікті (Шығыс Қазақстан), Жыланды (Орталық Қазақстан), Арасан (Жетісу) ескерткіштері мен басқа да ескерткіштерінде белгілі болган. Б. З. Б. V—IV ғасырлардагы полихромдык өнер туындыларының Қазақстанның, Орта Азия мен Сібірдің бүкіл аумағынан ондаған үлгілері табылды. Бәлкім, нақ осы үш аймақта б. З. Б. I мыңжылдықтың аяғында сақтар өнеріндегі аң стилін ығыстырған полихромдық өнердің қуатты ошагының негізі қалыптаскан да болуы мүмкін. Бірақ оның реалистік бейнелері із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ.