1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Әл-Фараби философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі туралы



бет18/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
22. Әл-Фараби философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі туралы Әбу Насыр әл-Фараби – көрнекті, аты әлемге әйгілі ғалымдардың бірі болып саналады. Ол көптеген ғылымдарға өз үлесін белсене қосқан ғалымдардың бірі. Толықтыра айта кетсек, ислам діні туралы, әлеуметтану ғылымына,, математика, физика,астрономия, ботаника, лингвистика, логика, музыка және көптеген салаларға өз үлесін қосқан. Сол зерттеген ғылымдарының бірі философия ғылымына назар аударсақ, жан мен тәннің зерттелуіне 22) баса көңіл қоятынын байқауымызға болады. Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында негізгі үш бағытқа тоқталады: біріншісі, ол дүниенің мәңгілігін мойындады, екінші, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ал үшінші, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, адамзаттың ақыл-парасатынан, адамның ішкі жан-дүниесінен, түр мен заттар арақатынасынан іздеді. Өзі зерттеу жүргізген грек ғалымы Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын өзіне қабылдады және оны осы тұрғыдан барынша түсіндіруге тырысты. Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған дұрыс болады. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, сонымен қатар өз алдына жеке ғылым. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл болып саналады. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған қорған еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның негізгі 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы бар мақсат —жалпылықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу болып табылады. Философ адамның өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Сонымен қатар қайырымдылықты біреуге мейірім төгумен теңестіруге тырысты. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.Шынында барлығы адамның жеке өзіне тікелей байланысты деп айтсақ та болады. Себебі, адам нені қалайтынын, нені жасағысы келетінін жақсы біледі. Өз-өзін қолға алып, жеке өзімен жұмыс жасаса барлық адам қайырымды. Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет