1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Абайдың дүниетанымы жəне оның негізгі бағдарлары мен ерекшеліктері



бет50/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
61. Абайдың дүниетанымы жəне оның негізгі бағдарлары мен ерекшеліктері Абай жəне оның дүниетанымы туралы айтқанда ой-танымының, əсіресе шығыстық-діни терең толғамдарының қалыптасуына ықпал еткен тұлғалар туралы тоқталмай кету əсте мүмкін емес. Дала дəстүрі мен халық философиясын бала жастан бойына сіңіріп, кейін медреседе оқып, тіл үйреніп, өздігінше ізденген данышпанның Шығыс пен Батысты тел еміп, адамзаттық өреге көтерілуіне, əрине оқыған кітаптары мен тəлім алған ұстаздарының тигізген əсері орасан зор болғаны анық. Абайға əсер еткен сондай тұлғаның бірі де бірегейі татар халқының ұлы перзенті Шихабеддин Маржани (1818-1889) екені белгілі. Шихабеддин Маржани Абайға жəне Алаш қозғалысының қайраткерлерімен бірге өз жалғасын тапқан жаңа тұрпаттағы ұлттық ой-танымының қалыптасуына үлкен əсер етті. Сондықтан Абай дүниетанымы мен оның дəріс алған мектебі мен ұстаздарына жүгінуге тура келеді. Абай мен Маржани арасындағы үндестікке кең тоқталған Ақжан Машанов «Әл- Фараби және Абай» атты еңбегінде: «Қарқаралыда, Семейдегi медреселерде Маржанидің тiкелей өзiнен тәлiм алған адамдар оқытқан. Абай – Семейде сол Маржани шәкiрттерiнен оқығандардың бiрi. Абай еңбектерiнде Маржанидің қозғаған мәселелерi көп кездесетiндiгi осыдан», деп көрсетедi. Рас сөз. Маржанидің үздік шәкірттерінің бірі Кашафеддин бин Шаһимардан (Шаһмарданұлы) өмірінің соңына дейін Қарқаралыда имам әрі медресе мұғалімі болып бала оқытқан. Сол арқылы Маржани идеяларының қазақ даласына кең тарауына сеп болған. Абай өзінің дуниетанымДЫҚ көзқарасында дүниенің обьективтік заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай өзгеріп отырады деп қорытты. Бұл жөнінде Абай былай тұжырымдайды: Дүние үлкен көл, заман - соккан жел. Алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын – інілер, кезектене бөлінер, баяғыдай көрінер, - дейді. Абайды адам неден тұрады? Оның тәні мен жаны қалай қабысады?, - деген сияқты адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз. Қырық ұшінші сөзінде, тән азығы ішіп-жеу, болмаса өсіп қуаттанбайды, ал адамның жан азығы – білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жок




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет