1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Ахмет Байтұрсыновтың саяси және рухани-дүниетанымдық көзқарастары мен ұстанымдары



бет59/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
74. Ахмет Байтұрсыновтың саяси және рухани-дүниетанымдық көзқарастары мен ұстанымдары А.Байтұрсыновтың саяси-әлеуметтік көзқарасындағы басты мәселелердің бірі - құқықтық мемлекет мәселесі. Ол құқықтық мемлекет қандай принциптердің негізінде құрылу керек деген мәселеге көп көңіл бөлді. Оның пікірінше, қазақ мемлекетшілігінде кәсіптік, рухани деңгейі жоғары, сайлаушылардың талабынан шығатын сауатты парламент құру керек. Ахмет құқықтық мемлекетте өкіметті, әсіресе, парламентті қалыптастыруда, қазақ елінің аса ұқыптылықпен қараудың керек екендігін талап етіп, кәсіптік негізде Заң шығаратын, билік жүргізетін азаматтарды сайлауды жан-жақты жақтайды. Ол былай деп көрсетті: «Сайлау көп үшін берілген нәрсе, көп пайдасын көздеп сайланса...тексеріп, таңдап сайланса, сайлау дұрыс өз мағынасында болғаны. Халықтың пайдасы, зарары қаралмай «мынау туғаным-туысқаным, я құда-құдағайым» деп, яки «мынау анадан пәлендей сомды артық беріп тұр ғой» деп сайланса, ол сайлау емес, құр талас, я сауда» .А.Байтұрсыновтың бұл пікірі қазіргі Қазақстандағы құқықтық мемлекетті қалай құруға болатындығын ескертіп тұрғандай. Ойшыл айтқандай «анау өзіміздің ауылдың кісісі», «біздің елдің жігіті» деген желеумен, кейде парламентке депутат болуда аты да, заты да, білімі де сай келмейтін адамдардың өтіп кететіндігі өкінішті А.Байтұрсынов Заң шығарушы органға білімді, халық қамын ойлайтын адамдардың сайлануының керек екендігін, яғни парламенттің кәсіби болуын жақтады. Ол туралы: «Мал бағатындар мал бағуын жақсы білерге керек, ел бағатындар (депутаттар Қ.С.) ел бағуын жақсы білерге керек. Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек»,-деді А.Байтұрсынов жоғарыда көрсетілген шығармасында парламент депутаттарының шығарған Заңдарының қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына қайшы келмеуін, шығарған заңдардың мазмұны мен мағынасының жергілікті ұлт өкілдерінің ұлттық психологиясын, этникалық, шаруашылық ерекшіліктерін ескеріп қабылдауды жақтады. А.Байтұрсынов жеке адамның құқықтық теңдігі мәселесіне көңіл бөлді. Заң алдында барлық адамдардың ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына, лауазымына қарамастан тең екендігін көрсетеді. Оның бұл пікірі, Қазақстан Республикасының Ата Заңындағы осы мәселелер туралы айтылған пікірлермен үндесіп жатқандығына таң қалмасқа болмайды. А.Байтұрсыновтың пікірінше, қазақ халқына демократиялық құқықтық мемлекетті құру үшін білім, кәсіптік дайындық, күштілік және ұлттық бірлік керек.Ойшылдың айтқан бұл пікірлері, қазіргі кезде Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, өзінің ұлттық, демократиялық, құқықтық мемлекетін құрған кезде өз өзектілігін жойған жоқ. Бұл туралы Елбасы, отандық тарихтағы Алаш партиясының алатын орны туралы айта келіп: «Алаш партиясының жетекшілері ұсынған қағидаттарды күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр»-деп, әділ бағасын берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет