1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздері және олардың рухани,адамгершілік мән мағынасы



бет9/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
10.Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздері және олардың рухани,адамгершілік мән мағынасы Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен- жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас болмас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды». Осындай қанатты сөздерін қазақ мақал-мәтелдеріне ұқсатып мазмұнына қарай тақырыптарға бөлдім: Қорқыт атаның тұрмыстық қажеттіліктерге байланысты нақыл сөздері: Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ Несібесінен артығын жемес Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас, Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды Алла, алла демейінше іс өнбес, қадір тәңірі демейінше ер байымас Қорқыт атаның ана туралы нақыл сөздері: Ана — ердің серігі, батырдың бағдаршысы, ұрпақтың ұлы анасы Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман Анасыз қыз ақылға жарымас, әкесіз ұл сыйға жарымас


11. Ислам дінінің VIII-X ғасырлар аралығында Орталық Азия жеріне таралуы және жергілікті халыққа ислам мәдениетінің әсері ? Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалады. Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді. Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Оңтүстік Қазақстандағы көшпенді түркі халқының арасында исламды таратуда Ясауия тариқатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи ( 1166 ж. немесе 1167ж. қайтыс болған) зор үлес қосты




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет