Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы
Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы
1. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –
жеке тұлғаларға - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет
Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет
1. Қызметтiң осы түрiне арналған сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негізде ұсыну - жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттердi әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау – жеке тұлғаларға - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.