1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


§2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің міндеттері мен қағидаттары



бет41/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59
§2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің міндеттері мен қағидаттары
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібін айқындайтын заңнама, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі ӘҚБтК-пен айқындалады; Қылмыстық немесе азаматтық iстi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртiбi ӘҚБтК-тің және тиісінше Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексiнің ережелерімен айқындалады.
ӘҚБтК-тің 737-бабына сай, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мiндеттерi:
1) әрбiр iстiң мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу;
2) іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің іске асырылуын қамтамасыз ету;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
ӘҚБтК-тің 737-1-бабына (Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу нысаны) сай, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі пайдаланыла отырып, қағаз және (немесе) электрондық нысандарда жүзеге асырылады. Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар судьяның, уәкілетті органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және іс жүргізуге қатысушыларға өздері көрсеткен пошталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы не Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібінде көзделген өзге де тәсілдермен ұсынылады.
Процестік құжаттарды электрондық нысанда ұсынумен қатар іс жүргізуге қатысушыларға оларды қағаз жеткізгіште ұсынуға жол беріледі.
Iс жүргiзу тiлi
Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) сот ісін жүргізу тілін өзгерту қажет болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.
Iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткілікті бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе олар бiлетiн басқа тiлде мәлiмдемелер жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеуге, шағымдар жасау, iс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдарға басқа тiлде жазылған, заң бойынша оларға қажеттi iс материалдарын iс жүргiзу тiліне тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi.
Құқық бұзушы мен жәбiрленушiге тапсырылуға жататын процестік құжаттар олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылуға тиiс.
Аударма бойынша шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметтерi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi.
Мерзiмдердi есептеу
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде пайдаланылатын мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен және жылдармен есептеледi. Мерзiмдердi есептеген кезде мерзiмнің өтуі басталатын сол сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл қағиданың ұстап алу кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ. Мерзiм тәулiктермен есептелетін жағдайларды қоспағанда, мерзiмдi есептеген кезде оған жұмыстан тыс уақыт та кіреді. Әкімшілік қамаққа алу мерзімін есептеу кезінде оған жұмыстан тыс уақыт та кіреді. Мерзiмді тәулiктермен есептеген кезде мерзiм бірінші тәулiктiң нөл сағатынан кейiн есептеледі және мерзiмнiң соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында бітеді. Мерзiмді айлармен немесе жылдармен есептеген кезде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде бітеді, ал егер бұл айда тиiстi күні болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күні емес (демалыс, мереке) күнге келсе, әкiмшiлiк ұстап алу кезiнде мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы күнi деп есептеледi.
Өтiнiшхат
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысатын адамдардың, жүргiзуінде осы iс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiшхатты мәлiмдеуге құқығы бар. Өтiнiшхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында мәлiмделедi және дереу қаралуға жатады. Өтінішхатты дереу қарау мүмкін болмаған жағдайларда, мәлімделген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей бұл бойынша шешім қабылдануға тиіс. Өтiнiшхатты қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады, ол өтінішхатты мәлімдеген адамның назарына жеткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет