1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (жел), ФӨӨС (Фжел), ждшк



бет10/23
Дата20.06.2023
өлшемі254,22 Kb.
#102543
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Дерматовенерология

306. 50 жасар ер адамда тері қышуы, бастың шаш аймағындағы аяқ-қолдарындағы, денесіндегі бөртпелер. Үрдіс күлгін-қызыл түсті диаметрі 2-3 мм эпидермальды-дермальды папулалармен көрінеді, беттерінде күмістелген қабыршықтар, бір-бірімен байланысып табақшалар түзілуінебейім және сау тіннен анық бөлінген. Қырындыда «стеаринді нүкте», «терминальды қабыршық» және «қанды шық» симптомдары байқалады.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Псориаз
2. Ихтиоз
3. Папилломатоз
4. Буллезді эпидермолиз
5. Қызыл жалпақ лишай

307. 37 жасар әйел клиникаға терісіндегі қышымаға, ісінуге, ылғалдануға, екі қолдарының да білезіктеріндегі ауру сезіміне, ұйқысының нашарлауына, жалпы нашар күйге шағымданып келді. Жергілікті: терілік үрдіс жедел қабыну сипатында, симметриялы, ошақты. Үрдіс екі қолдарының да білезіктері аймағында орналасқан, серозды сұйықтықпен, ылғалданған, эрозивті ошақтармен, қабыршақталған везикулезді бөртпелермен көрінеді,тырналған іздер бар.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Нейродермит
2. Қышыма
3. Есекжем
4. Экзема
5. Псориаз

308. 13 жасар ұл бала. 2 аптадан бері субфебрильді температура фонында селқостық, тез шаршағыштық байқайды. Шағымдары: терісінің түсінің өзгеруі және бұлшықеттеріндегі ауру сезімі, жұтынудың қиындауы. Қарап тексергенде: бет терісінде ақшыл көк түсті эритема, беті мен білезіктерінің жұмсақ тіндері сәл ісінген. Бұлшықеттері кернелген, әлсіз ауру сезімімен. Бұлшық еттері ауырғандықтан буындарындағы қозғалыс шектелген.


Диагноз қою үшін ЕҢ ықтимал тексеру әдісі қандай?
1. Буындар рентгенографиясы
2. Өңеш рентгеноскопиясы
3. Ревматоидты фактор
4. Антинуклеарлы фактор
5. Креатинфосфокиназа

309. Артропатиялық псориазда патогенетикалық тағайындауға жатады:


1. Преднизолон
2. Диклофенак
3. Купренил
4. Метотрексат
5. Плаквенил

310. 7 жасар ұл баланы жайылған қышыған қызыл бөтрпе мазалайды, бұл алғаш рет 3 айында пайда. Бала жасанды тамақтандыруда болған. Денесі мен аяқ-қолдарында ашық қызыл түсті қабыршық және қатты қабықпен жабылған папулалар, үрдіс әсірісе шынтақ және тізе асты ойығында айқын көрінеді.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Ихтиоз
2. Қотыр
3. Псориаз
4. Дерматит
5. Экзема

311. 15 жасар жасөспірімде, шынтақ және тізе бүгілмелерінде, алақанында, кеудесінің жоғарғы бөлігінде, мойынында эритематозды-лихеноидты бөртпелер, қатты қышыну, тырналанған іздер бар. Бала кезінен ауырады, цитрустар, шоколад, жұмыртқа жеуіне байланысты өршулері жиі болады.


Қандай дәрілік препаратты тағайындау ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Кетотифен
2. Преднизолон
3.Натрийтиосульфаты
4. Лоратадин
5. Кальций хлориді

312. 13 жасар жасөспірім денесіндегі және аяқ-қолдарындағы мол, айқын, қышумен жүретін бөртпелерге шағымданып келді. Бөртпе папирос қағазы типті ортасында қабыршықтанулары бар «медальондар» тәрізді бірлі-жарым ірі дақтармен сипатталады. Кеудесінде үлкен қызыл түсті дақ бар.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Күлгін теміреткі
2. Кебек тәрізді теміреткі
3. Атопиялық дерматит
4. Псориаз
5. Тегіс терінің микозы

313. 38 жасар ер адамда, стрессті жағдайдан кейін білектің бүгілген жерінде, санның ішкі бетінде қызғылт-күлгін түсті, балауызды жылтырмен жалпақ полигональды, кейбіреулері кіндік тәрізді ортасындағы ойығы бар папулалар пайда болды. Папулалардың беттерін өсімдік майымен майлағанда мүйізді қабат арқылы жарқырап ақшыл сұр түсті тор көрінеді (Уикхем торы). Дене температурасы 37,40С.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Қызыл жалпақ теміреткі
2. Күлгін теміреткі
3.Псориаз
4. Есекжем
5.Өрескел көпіршік

314. 50 жасар әйелде, тоңғаннан кейін денесінің бүйір бетінде анық қызарған фонда орналасқан, қышумен, күйдірумен, ауру сезімімен бірге жүретін көпіршіктер пайда болды. Бөртепелер қабырғааралық нервтер бойымен орналасқан. Бірнеше күн бұрын зақымданған ошақтарда қара-қоңыр түсті қабыршықтар мен қозғалыс кезінде және тыныштық жағдайындағы да ауру сезімі пайда болды.


Көрсетілгендер ішінде қайсы препарат ЕҢ тиімді болып табылады?
1.Дәрумендерді
2.Антибиотиктерді
3. Вирусқа қарсы препараттарды
4.Антигистаминді препараттарды
5. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды

315. Өнезді саңырауқұлақтар зақымдамайды:


1. Теріні
2. Шашты
3. Тырнақтарды
4. Шырыштарды
5. Ішкі ағзаларды

316. 38 жасар ер адамда, екі табандарының саусақаралық қатпарларының түбінде айналасы анық қабыршықтанған жарылулар анықталады. Өкше терісінде инфильтрацияланған, құрғақ және айқын мукоидты қабыршықтанумен, анық шошайған қатпарлар көрінеді, өкшенің барлық тырнақтарының пластиналарының зақымдалған. Тырнақтарының түрлері өзгерген, қалыңдаған, күңгірттенген сұр-қоңыр түсті, құс тырнақтары тәрізді майысқан.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Псориаз
2. Кандидоз
3. Трихофития
4. Рубромикоз
5. Эпидермофития

317. 23 жасар ер адамды қатты қышу мазалайды. Қышу кешкі уақытта күшейе түседі. Қарап тексергенде: білезіктің саусақаралық қатпарларында, білектің бүгуші беткейінде, іште, сегізкөз аймағында және санның ішкі беткейінде жұпталған папулезді-везикулезді бөртпелер, нүктелі экскориациялар анықталады.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1.Қотыр
2. Токсидермия
3. Дерматит
4.Терілік қышыну
5.Есекжем

318. Семіздік, тершеңдіктен зардап шегетін 53 жасар әйелде, баспамен ауырғаннан кейін қолтық асты аймағында жедел қабынған, ауыратын түйін пальпацияланады, жарғанда ірің бөлінген.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Карбункул
2. Гидраденит
3. Фурункул
4. Липоматоз
5. Панникулит

319. Ер адам 52 жаста, алақандары мен өкшелеріндегі құрғақтыққа, қышуға шағымданады. Қарап тексергенде: алақандары мен өкшелеріндегі экскориациялармен, көпіршіктермен, түйіндермен жабылған инфильтрацияланған табақшалар, мукоидты қабыршықтану, гиперемия


Қандай дәрілік препаратты тағайындаған ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Нистатин
2. Итраконазол
3. Клотримазол
4. Тетрациклин
5. Супрастин

320. Әскери қызметтегі 33 жасар ер адамда кеудесінде, денесінде көптеген, ауыратын, серозды-іріңді қабыршақпен, кейбіреулері қан қоспасымен янтарлы сары пустулалар орналасқан. Дене температурасы 37,6 0 градус.


Бірінші кезекте қандай дәрілік препаратты тағайындаған ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Парацетамол
2. Ампициллин
3. Пиридоксин
4.Натрий тиосульфаты
5.Кальций хлориді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет