1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (жел), ФӨӨС (Фжел), ждшк



бет15/23
Дата20.06.2023
өлшемі254,22 Kb.
#102543
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Балалар хирургиясы

381. 4 жасар ұл. Ата-анасы баласының тәбет төмендеуіне, тамақ ішкеннен кейін мезгілді тағам қалдықтарымен құсуға, тамақ ішкенде қақалып қалуына шағымданады; тамақ ішуі ұзақ, қатты тағам қиын өтеді, кейде түнде жөтеледі. Объективті: тамақтануы төмен, терісі бозарған, құрғақ, тері асты май қабаты дамымаған. Шолу рентгеноскопияда кеудеаралық көлеңкесінің кеңеюі, асқазанның газды құықшасы азайған.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Өңештің туа болған стенозы
2. Туа болған қысқа өңеш
3. Жүре пайда болған өңеш стенозы
4. Өңештің ахалазиясы
5. Өңештің жыланкөзі

382. 8 күндік ұл, туғандағы салмағы 2500, бойы 46 см. Жүктілік суық тиіп ауру фонында өтті. Емізген кезде балада жөтелмен цианоз пайда болады. Контрастты рентгенография жүргізген кезде – контрастты зат трахея және бронхтарда көрінеді.


Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің ішінен ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?
1. Эзофагоскопия
2. Торакоскопия
3. Пневмоперитонеум
4. Компьютерлік томография
5. Бронхоскопия

383. 10 күндік ұл, туғандағы салмағы 4200 г, бойы 55 см, Апгар шкаласы бойынша 5-6 балл. Жамбаспен жатып туылды, қысқыштарды қолданды. Объективті: оң сан аймағында үдемелі ісіну, қан құйылу. Рентгенограмма: сан сүйегінің проксималды эпифизінің сүйектену ядросының ығысуы.


Қандай емдеу тактикасын қолдану ЕҢ қолайлы?
1. Уақытша әкеткіш-шинасын салу
2. Гипсті иммобилизациямен жабық репозиция
3. Зақымданған аяқты әкетіп лейкопластырмен тарту
4. Тартусыз жабық орнына салу
5. Жабық орнына салып, артынан тарту

384. 8 жасар ұл. Құсумен жүретін іштегі ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданады; ауру сезімінің ұстамалары кезінде тізе-шынтақ қалпында, мазасыз; 3 күн бойы нәжісі жоқ. Анамнезінде: 8 күн бұрын аппендэктомия. Объективті: бозарған; іштің аускультациясы кезінде – күшейген бүлкілдейтін перистальтика. Рентгенологиялық зерттеуде – кеңейген ішек іиілімдерінде көптеген сұйықтық деңгейлері, «доға» симптомы.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Жабысқақтық ішек өтпеуі
2. Странгуляциялық ішек өтпеуі
3. Копростаз
4. Мегадолихоколон
5. Инвагинация

385. Жаңа туған ұл бала, туғандағы салмағы 2400, бойы 47 см, Апгар шкаласы бойынша 4-5 балл. Туғаннан 2 сағаттан кейін аузымен мұрыннан көпіршікті бөліністер пайда болды. Анамнезінде: жүктілік жиі суық тиіп ауру фонында өтті. Объективті: бала жылап тұр, терінің цианозы, дем алу қозғалыстарының саны минутына 60 рет, өкпесінде әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенограмма: өңештің жоғары ұшында катетердің айналуы.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Өңештің атрезиясы
2. Өңештің ахалазиясы
3. Өңештің стенозы
4. Өңеш-трахея жыланкөзі
5. Қысқа өңеш

386. Өсіп келе жатқан организмнің ағзаларымен тіндерінің дамымауы үшін ЕҢ тән не?


1. Буындардың дисплазиясы
2. Туа болған маймақтық
3. Амниотиклық тәждер
4. Патологиялық шығу
5. Туа болған синостоз

387. 3 жасар ұл, қиындаған несеп шығаруына, несеп шығарғанда жыныс мүшесі басының «шар тәрізді үрленгеніне» шағым айтады. Объективті: шеткі мүшесі үлкейген, қызарған, жыныс мүшесінің басын ашу мүмкін емес, теріде ақ түсті сызық көрініп тұр.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Физиологиялық фимоз
2. Атрофиялық фимоз
3. Гипертрофиялық фимоз
4. Жыныс мүшесі басының синехиялары
5. Жүре пайда болған фимоз

388. 6 жасар ұл, әлеуметтік жағдайы нашар жанұядан. Профилактикалық қарауда анықталды: басы алдына және оңға бұрылған, көз қуысы кішірейген және біршама төмен орналасқан, ұрттарының контуры тегістелген, ауыз бұрышы жоғары көтерілген, төменгі және жоғарғы жақтарының ассимметриясы; төс-бұғана-емізік бұлшық еті қатайған, қысқарған, керілген, артында мойынның ассиметриясы анықталады; омыртқа бағанасының мойын бөлімінің сколиозы.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Сүйектік қисық мойын
2. Миозит
3. Назофарингеальді қисық мойын
4. Бұлшықеттік қисық мойын
5. Спастикалық қисық мойын

389. 10 күндік ұл, туғандағы салмағы 4200 г, бойы 55 см, Апгар шкаласы бойынша 5-6 балл. Жамбаспен жатып туылды, қысқыштарды қолданды. Объективті: оң сан аймағында үдемелі ісіну, қан құйылу. Рентгенограмма: сан сүйегінің проксималды эпифизінің сүйектену ядросының ығысуы.


Қандай емдеу тактикасын қолдану ЕҢ қолайлы?
1. Уақытша әкеткіш-шинасын салу
2. Гипсті иммобилизациямен жабық репозиция
3. Зақымданған аяқты әкетіп лейкопластырмен тарту
4. Тартусыз жабық орнына салу
5. Жабық орнына салып, артынан тарту

390. 8 жасар ұл. Орындықтан алдына қарай жазылған оң қолға құлады. Шынтақ буынның айналасындағы қатты ауру сезіміне шағымданады. Объективті: шынтақ буынның шамалы ісінуі, пальпация кезінде – айқын ауру сезімі; супинация және пронация шектелген, қатты ауру сезімін шақырады; қолды жаза және бүге алады.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Кәріжілік басының сынуы
2. Кәріжіліктің ортағы үштен бір бөлігінің сынуы
3. Шынтақ сүйек өсіндісінің сынуы
4. Кәріжілікпен шынтақ сүйек диафиздерінің сынуы
5. Шынтақ сүйек диафизінің ортағы үштен бір бөлігінің сынуы

391. 6 айлық бала, кенеттен 2-3 минуттан айқайлай бастады, 15-20 минуттан соң айқай қайталанады. Объективті: бала мазасыз, бозарған, іштің пальпациясы кезінде оң жақ қабырға астында шұжық тәрізді түзіліс, оң жақ мықын аймағында – «бос кеңістік» анықталады, айқай кезіндегі аускультацияда қатты ішек шулары, нәжісі таңқурай желесіндей. Ректальді зерттеуде – саусақта қан.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Жедел аппендицит
2. Инвагинация
3. Қозған ішек синдромы
4. Жедел гастроэнтерит
5. Жедел панкреатит

392. 6 жасар ұл, іштегі ауру сезіміне, құсуға шағым айтады. Анамнезінде – 5 күн бұрын баспамен ауырды. Объективті: ұрттары қызарған, дене температурасы 38,5ºС. Пальпация кезіндеауырсыну көбінесе оң жақ мықын аймағында орналақаны анықталды. Қан анализінде лейкоциттер – 15х109/л.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Аппендицит
2. Энтерит
3. Панкреатит
4. Ішектің өтпеуі
5. Мезаденит

393. 9 жасар ер бала. Шағымдары: құсумен жүретін құрсақтағы ұстама тәрізді ауру семіне, ауру ұстамасында орын таппайды, тізе шынтақтық қалыпқа, үш күн бойы үлкен дәретінің болмауына. Анамнезінде: 8 күн бұрын апендоэктамия. Объективті: бозарған, іштің аускультациясында перистатика күшейген. Рентгендік зерттеуде кенейген ішек бауларында көптеген сұйықтық денгейі, «арка» симптомы.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1.Спайкалық ішек өтімсіздігі
2.Странгуляциялық өтімсіздік
3.Копростаз
4.Мегадолихоколон
5.Инвагинация

394. 7 жасар қыз бала. Шағымдары: құрсақтағы ұстама тәрізді ауру семіне, қайталамалы құсу, жүрек айну, жалпы әлсіздік, ауыз құрғау, құрсақтағы толу және ауыр сезіміне. Объективті: тері жабындылары бозғылт, суық жабысқақ тер, тілі ақ жабындымен жабылған. Дене температурасы 37,50C. Іші кепкен, эпигастриде ауру сезімі.


Қай препаратты бірінші беру керек?
1.Дротаверин
2.Метамизол натрий
3.Фуразолидон
4.Активтенген көмір
5.Папаверин

395.Ұсынылған әдістердің қайсысы нәрестелердегі некрозды флегмонаның жергілікті емдеуінде қолданылады?


1. Ошақты пункциялау, іріңді сорып алу
2. УКС сәулелерді ошаққа түсіру
3. шахматты түрде теріні тілу
4. Флегмонаны тіліп, жараға тампон салу
5. Вишневскийдің жақпамайымен компресс жасау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет