1. «Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбына қандай пәнді кіріктірген тиімді және оның жолдарын атаңыз



бет1/37
Дата17.01.2023
өлшемі2,87 Mb.
#61620
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
экзамен кіріктіру (жауаптарымен) (копия)


Билет №1



1. «Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбына қандай пәнді кіріктірген тиімді және оның жолдарын атаңыз.
Оқушыларды электролиттік диссоциациялану теориясымен таныстырудың іс жүзінде қалыптасқан екі әдістемелік тәсілі бар. Бірінші тәсіл – ерітінділердің электр өткізгіштігін сынаудан бастап диссоциациялаудың механизмін түсіндіру, екінші тәсіл – алмасу реакцияларының ерекшелігін қарастырғаннан кейін ерітінділердің электрөткізгіштігін сынау.
Бірінші әдістемелік тәсілді пайдаланғанда химиялық байланыстардың типтері және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі оқушылардың білімі еске түсіріледі. «Химиялық байланыстар типі әр түрлі заттар ерітінділерінің қасиеттері бірдей бола ма?» -деген мәселе қойылады. Мәселені шешу үшін белгілі бір негізге сүйеніп, таңдап алынған бейорганикалық және органикалық заттардың электрөткізгіштігі сыналады. Электрөткізгіштікті сынайтын құралдың құрылысы, сақтық ережелері түсіндіріліп, сынау нәтижесі кесте түрінде жазылады.
Тәжірибе бойынша оқушылар қорытынды жасайды:
1) жеке күйіндегі қатты (қант, тұз, қышқыл, сілті) және сұйық заттар электр тогын өткізбейді;
2) органикалық заттардың (қант) ерітінділері электр тогын өткізбейді;
3) ас тұзының, натрий сілтісінің және тұз қышқылының ерітінділері электр тогын өткізеді;
4) ерітінділері немесе балқыған күйінде электр тогын өткізетін заттар – электролиттер, өткізбейтін заттар бейэлектролиттер деп аталады;
5) тұздардың, негіздердің және қышқылдардың ерітінділері электролиттерге жатады. Иондық немесе полюсті ковалентті байланысы бар бұл заттардың электр тогын өткізу себебін түсіндіру үшін иондарға ыдырау механизмі түсіндіріледі.
Электрөткізгішті сынаудан басталатын бұл әдістемелік тәсілді қолданғанда кейбір оқушыларда электролиттердің иондарға ыдырауы электр тогының әсерінен жүзеге асады деген пікір туады. Бұл қателікті болдырмау үшін екінші әдістемелік тәсілді пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет