1. Әлемдік саясат ұғымы және халықаралық



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.12.2023
өлшемі205,42 Kb.
#137976
  1   2   3


Халықаралық қатынастар және мемлекеттің сыртқы 
саясаты 
 
1.
Әлемдік саясат ұғымы және халықаралық 
қатынастар жүйесі. Геосаясат.
2.
Халықаралық қатынастардың субъектілері.
 
1.
 
Әлемдік саясат ұғымы және халықаралық
қатынастар жүйесі. Геосаясат. 
Саясаттану, әлеуметтану, философия, тарих, құқықтану 
секілді қоғам туралы пәндер көп дәрежеде «халықаралық 
қатынастар», «халықаралық саясат» және «дипломатия» деген 
ғылыми категориялармен тығыз байланысты. 
Бұл ұғымдардың ішіндегі жетекші орынды иемденетіні – 
«халықаралық қатынастар» термині. Бұл ағылшын тіліндегі 
international relations 
терминінің қазақ тіліндегі баламасы болып 
табылады.
Алғаш оны ХVІІІ-ХІХ ғ-да ағылшын философы Джеремия 
Бентам ғылыми айналымға енгізген болатын. Бұл кезеңде Батыс 
Еуропада тәуелсіз ұлттық мемлекеттер жүйесі пайда болып, ұлттар 
мен халықтар арасындағы қатынастар дами бастады. 
Халықаралық саяси қатынастарды әлемнің негізгі саяси 
процестері мен қатынастарының бір саласы – 
халықаралық саясат 
ретінде де қарастыруға болады. Ол тарихи дамудың кезеңі 
барысында өмір сүріп келе жатқан халықаралық экономиканың 
негізінде қалыптаса бастады. Бұның барлығының куәгері ретінде, 
әлемде туындап отырған халықарлық дағдарыстар, оның артынша 
туындаған халықаралық соғыстар – қарулы қақтығыстар бұрын 
соңды болмаған үлкен деңгейдегі масштабтарды қамтып отыр. 
Кейбір зерттеушілер «әлемдік саясат» және «халықаралық 
саясат» терминдерін синоним сөздер ретінде қолданып жүр. Бірақ 
бұларды бір ұғым деп қарастыру жөнсіз болар еді. Қазіргі 
уақытта олардың ара жігін: проблемалардың құрылымы, мәні мен 
мазмұны, соның шегіндегі қатысушы субъекттердің мінез-құлқы 
мен іс әрекеті және басқа да көптеген факторлар бөлектеп тұр.
Әлемдік саясат деп барша дүние жүзінің даму векторын 


айқындайтын, оның ауқымынан ешбір саясат субъектісі тыс 
қалмайтын кең көлемдегі саясатты атаймыз. 
 
Әлемдік саясат жекеленген кейбір халықаралық саяси 
субъектілердің әрекетіне бағына қоймайды, керісінше олардың 
барлығын да бағындырады. 
Ішкі және сыртқы саясатты бөлектеп тұрған ұлттық 
мемлекеттік шекаралар әлсірей келе, ХХ ғасырдың соңына таман 
тек қана шартты белгі ретіндегі өзінің жаңа рөлін иемдене 
бастады. Осы уақытқа қарай әлемдік саясатқа өзектілік алып 
берген қазіргі заманның басты проблемалары болып отырған: 
экологиялық, демографиялық, энергетикалық, сауда-саттық, 
қаржы-экономикалық 
сияқты 
жаңа 
мәселелердің 
доминанттылығы арта түспесе кеміген емес. Осыдан келіп бүгінгі 
таңдағы әлемдік саясаттың ерекше бір түрі 
жаһандану 
процесі 
маңызды рольге ие болуда.
Жаһандану деп қазіргі таңда қарқынды қарыштап жүріп 
жатқан әлемдік ортақ экономикалық, мәдени, ақпараттық, 
қауіпсіздік кеңістікті құруға ұмтылу процесін айтамыз.
 
Әлемдік саясаттың бір саласы – халықаралық қатынастар. 
Халықаралық қатынастар деп біз әлемдік қауымдастықтың 
негізгі 
субъектілері 
арасындағы 
саяси, 
экономикалық, 
әлеуметтік, 
дипломатиялық, 
құқықтық, 
әскери 
және 
гуманитарлық байланыстардың жиынтығын айтамыз.
Бұл қатынастардың негізінде жатқан факторлардың 
ішіндегі ең маңыздыларының бірі – геосаясат.
Геосаясат – мемлекеттің географиялық орналасу жағдайы 
мен ондағы табиғи ресурстардың қоры секілді факторлармен 
анықталатын саясаттың түрі.
 
«Геосаясат» терминін ғылыми айналымға ендірген швед 
ғалымы Рудольф Челлен (1864-1922). Осы атауға ие болған 
ғылымды ол «мемлекетті жағрафиялық организм немесе 
кеңістіктік ғаламат ретінде қарастыратын доктрина» деп 
айқындаған. Неміс теоретигі Фридрих Ратцель (1844-1904):
«Геосаясат мемлекетті бірқалыпты күйде ешбір өзгеріссіз 
тұратын жағдайда қарастыра алмайды, керісінше динамикада тірі 


организм түрінде қабылдайды». 
Профессор М.Е. Шайхутдинов өз еңбегінде геосаясат жан-
жақты ғылым, басқа ғылым салаларынан ерекшелігі - мемлекет 
теңдігі, халық, ұлт мәселелерін шешу, қамтамасыз ету, болашақты 
бағдарлайтынын айтады. 
Саясаттанушы С.К.Кушкумбаевтың пікірінше: «Геосаясат 
– халықаралық қатынас сыртқы саясаттың теориясы мен 
тәжірибесінде 
географиялық, экономикалық, тарихи-саяси 
факторларды байланыстыра отырып мемлекеттің ролін, орнын 
потенциалын аймақтық даму беделін көтереді».
Бүгінгі әлемнің жетекші мемлекеттері мен субъектілері 
арасындағы келіспеушіліктер, қайшылықтар мен соғыстардың 
басты себепшісі де географиялық орналасуы (
алпауыт 
мемлекеттердің арасында орналасуы, сауда, теңіз жолдарына 
шығу мүмкіндіктері, ресурстардың мол қоры үшін талас-
тартыстар). 
Дәл осы фактор алғышарт болғанда агрессиялық 
шабуылдар да жүргізіледі.
Агрессия – бір мемлекеттің территориясын жаулап алу 
мақсатындағы шабуыл, немесе, оған басып кіру әрекеті. 
Мемлекеттер арасында территориялық тартыстарды болдырмау 
үшін 
олардың 
басшылары 
шекараларын 
нақтылайды. 
Шекараларды 
анықтау 
делимитация 
және 
демаркация 
ұғымдарымен тығыз байланысты. 
Делимитация (limite – мөлшер) 
– мемлекеттің территориялық шекараларын межелеу, олардың 
шамасын белгілеу. 
Делимитация барысында мемлекеттердің 
басшылары мен сыртқы істер министрліктері арнайы 
картографтар, географтар, топографтар т.б. мамандармен бірлесе 
отырып жерді мөлшерлейді. Кейін осы меже бойынша бағандар 
қағылып, сымдар тартылып, бекеттер орнатылып шекара шамасы 
айқындалады. 
Ал, демаркация (marker – бояу, белгілеу) деп 
мемлекеттің шекара сызығын картада анықтау, шамалау мен 
мөлшерлеу процесін айтамыз
.
Халықаралық қатынастарда түрлі саясат субъектілерінің 
арасында байланыстар, ақпарат пен хабар алмасулар бей-берекет 
жүргізілмейді. Тарихи даму барысында ертеде оны арнайы 


елшілер, жаушылар, шабармандар атқарған. Кейін елдер 
басшылары арасында телефон, телеграф байланыстары жүзеге 
асырылуда. Бірақ, арнайы ресми заңдастырылған, көпшілікке 
жария құжаттың ролі әлі сақталып келеді. Бұлардың ішінде ең 
маңыздысы - 
дипломатиялық нота 
мемлекет басшысының
немесе, сыртқы істер министрліктерінің бір-біріне жіберетін 
ресми құжаты. Оның сенімсіздік нотасы, соғыс жариялау нотасы, 
қарсылық нотасы, өзара келісім мен сенімділік грамотасы 
түріндегі нота т.б. көптеген түрлері бар.
Халықаралық қатынастарды жүзеге асырудағы тағы бір 
түрі - мемлекеттер басшылары арасындағы бетпе-бет кездесулер, 
келіссөздер, талқылаулар. Олар «саммит» деген ұғыммен 
анықталады. 
Саммит 
– мемлекеттер басшыларының жоғарғы 
деңгейдегі кездесуі. Мәселен, дүниежүзілік саммит, Кедендік 
Одақ басшылдарының саммиті т.б.
Әлемдік және халықаралық саясатта маңызды рольді 
мемлекеттердің сыртқы саясаты атқарады. 
Сыртқы саясат деп 
белгілі бір мемлекеттің өзге мемлекеттермен, немесе, әлемдік 
саясаттың субъектілерімен жүргізетін саясатын айтамыз. 
Аталмыш саясат негізінен халықтың, болмаса мемлекеттің 
атынан өкілетті билік етуші оның басшысы, сыртқы істер 
министрлігі және басқа да органдары көмегімен жүзеге 
асырылады. Сыртқы саясат көптеген бағыттармен жүзеге 
асырылады. Бұны саяси ғылымда 
сыртқы саясаттың көп 
векторлығы 
деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет