1 Әлемнің ғылыми, философиялық, діни бейнесінің тізбектілігін ашып көрсетіңіз



Дата08.12.2023
өлшемі15,85 Kb.
#135138
Байланысты:
1-2 Сұрақ


1)Әлемнің ғылыми, философиялық, діни бейнесінің тізбектілігін ашып көрсетіңіз.
Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды,заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды. Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады. Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, діни көзқарастар үлкен рөл атқарады. 
Дүниенің ғылыми бейнесі - ол фундаменталды ғылыми анықтамалар мен қағидаларды жалпылау жəне синтездеудің нəтижесінде құрылған нақты дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Дүниенің ғылыми бейнесі фундаменталды теорияны құру шеңберінде эвристикалық рөлді атқарады. Олар дүниеге көзқараспен тығыз байланыста болған соң қалыптасуында содан негіз алады. Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді. Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік). Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді.Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың, процестердің дамуын және оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді. Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады. 
Философия-ол болмыстың жалпылы негізін тану формасы.Ол мәдениеттің барлық тарихында жалпылы білім немесе рухани-адамгершілік өмірдегі жалпылы принциптерді жасауға ұмтылған.Философия алғашқыда-ақ күнделікті сананы,дәстүрлі құндылықтарды және адамгершілік нормаларды сынай бастаған. Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады. 
2)Қазіргі Қазақстанның үшінші модернизациялауын жүзеге асыруында философияның алар орны қандай?
Еліміздің үшінші модернизациясы – бұл президент Н.Ә.Назарбаевтың ХХІ ғасырдың екінші онжылдығының ортасында (2014–2016 жж., бүкіл әлемнің тарихи дамуының жаңа кезеңі басталған) Қазақстан Республикасына қатысты тарихи және жаһандық сын-қатерлерге жауабы болып табылады. Бұл аталған үшінші модернизация саясаты философияға да тікелей байланысты. 
Қазіргі кезде философияның саясат үшін өте маңызды екенін атап өтуге болады. Бұл оның қоғам дамуының өте күрделі мәселелерін шешуге арналғандығымен де, қазіргі кезде бұл проблемалардың өте күрделі екендігімен де байланысты. Онтология (болмыс туралы ілім), антропология (адам туралы ілім), праксеология (практика, іс-әрекет туралы ілім), гносеология (кең мағынада, таным туралы ілім) терминдерінің мағынасын еске түсіре отырып, философияда саясаттың осы бөліктерінің әрқайсысы зерттейді деп айтуға болады. Саяси онтология биліктің, саяси уақыттың, саяси кеңістіктің болуын зерттейді; саяси антропология – адамның саясаттағы орны, адамның саяси өзін-өзі анықтауы; саяси праксеология – саяси әрекет; саяси гносеология – саясаттағы түсіндіру және түсіну және т.б.
Қорытындылай келе, қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшінші модернизацияның маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Философиялық зерттеулер бойынша, сыбайлас жемқорлық ерте заманда пайда болған. Сыбайлас жемқорлық құбылысын әлеуметтік-философиялық тұрғыдан түсінуге алғашқы әрекеттерді антикалық дәуірде Платон мен Аристотель бастаған. Платон идеалды мемлекеттің тұжырымдамасын құра отырып, билеушілер мен сақшыларды кез-келген нәрсеге иелік ету мүмкіндігінен айырды. «Тек осындай жағдайда ғана алтынға бай емес, бақытты адам ізгілікті және парасатты өмірмен бай болуы керек. Егер кедейлер мен қолында жоқтар сол жерден бір бөлікті тартып аламын деп, қоғамдық тауарларға қол жеткізуге ұмтылса, онда жақсылық болмайды», - деген ежелгі грек философы тұжырым жасаған болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет