1. Эргономика Сапа көрсеткіштері



Дата02.11.2023
өлшемі211,71 Kb.
#121392
Байланысты:
Ж.Рауаж(Эргономикалық әдістердің жіктелуі-СӨЖ) 2-курс




Жоспар
1.Эргономика


2.Сапа көрсеткіштері
3.

1.Эргономика (гр. Ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән. “Адам – машина (техника‚ бұйым)”‚ “адам – орта” жүйелеріндегі байланыстарды оңтайлы шешу стратегиясын айқындайды.[1] Адам‚ машина және орта күрделі бүтін ретінде қаралуға тиіс екенін‚ мұнда адам жетекші рөл атқаратынын мойындайды. “Адам – машина – орта” кешенін ұтымды жоспарлап‚ енгізу үшін адам мен машинаның үйлесімділігін ескеретін эргономик. Талаптарды қамтамасыз ету керек‚ олар: биофизикалық үйлесімділік – машина‚ басқару органдары және адам (оператор) талап етілетін күш-жігер‚ қуат‚ басқару әрекеттерінің жылдамдығы‚ дәлдігі‚ қарқыны тұрғысынан бір-біріне сай келуге тиіс; антрометрикалық үйлесімділік – адамның антропол. (бойы‚ жасы‚ салмағы‚ т.б.) және физиол. Ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды ұйымдастырылған жұмыс орнын жасау; техникалық-эстетикалық үйлесімділік – машинаның тартымдылығын қамтамасыз ету. Эргономикалық талаптар адам мен техника арасындағы атқарымдарды бөлу мен келісуге‚ әрекет үдерістеріне (еңбектің сапасына‚ қауырттығына‚ т.б.)‚ әрекет құралдарына (жұмыс орнының жабдығына‚ басқару органдарына‚ т.б.)‚ әрекет жағдайына (микроахуалға‚ шуылға‚ дірілге‚ т.б.) жатады. Олар техниканы жасап‚ өндіріске енгізудің барлық сатыларында ескерілуге тиіс. Белгіленген талаптарға сай келетін эргономик. Көрсеткіштер бұйымның жекелеген түрлерін пайдаланудың қолайлылығы мен қауіпсіздігін сипаттауға мүмкіндік береді‚ еңбектің мазмұнын байытып‚ тартымдылығын жақсартуға‚ өнімділігін арттыруға‚ адамның күш-қуатын‚ денсаулығын жұмыс істеу қабілетін сақтауға септігін тигізеді.

2. Сапа көрсеткіштері дегеніміз өнімнің Тағайындалымын, сенімділігін, Технологиялығын, стандарттау және Унификаттау деңгейін, эргономикалық, Эстетикалық, экологиялық қасиеттерін, Патентті-құқықтық аспектілерін, Көліктік тасымалға жарамдылығын, Қауіпсіздігін, экономикалық өлшемдерін Сипаттайтын өзара байланысқан Көрсеткіштерінің жиынтығы.Өндіруші түсінігіндегі сапа мен тұтынушы түсінігіндегі сапа ұғымы өзара байланысты. Өндіруші өнімді тұтынудың толық кезеңінде сапаға қамқорлық көрсетуі керек. Бұдан басқа ол сатудан кейінгі қажетті қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі керек. Әсіресе бұл бағдарламалық өнімдер үшін, пайдалану күрделілігімен ерекшеленетін тауарлар үшін аса маңызды. Бұйым сапасы тұтыну процесінде айқындалуы мүмкін. Тұтынушы талаптарына сәйкестік тұрғысынан өнім сапасы түсінігі дәл осы нарықтық экономика шарттарында құрылған, осының нәтижесінде сапаны жүргізу өмір салтын, адам мен қоғамның жетісті дамуы үшін әлеуметтік- экономикалық негізді анықтайтын фундаменталды санаттардың бірі болып қалыптасты. Жалпы алғанда сапа аумағындағы саясат келесі қағидалар негізінде қалыптасуы мүмкін: барлық деңгейде ашықтық қағидасы- сенімділікке қажетті шарт.
3 Қорытынды
Эргономика адам мен техниканың тек өндіріс саласында ғана емес, сонымен қатар демалыс және күнделікті өмір салаларындағы өзара әрекеттесуін зерттейді. Эргономикадағы маңызды салалардың бірі, мысалы, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін объективті дүниені жобалаумен байланысты. Эргономика ең қарқынды түрде әскери-өнеркәсіптік кешенде дамыды.

Тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестіктің күшеюі және тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын заңнамалардың қабылдануы эргономиканың дамуына белсенді әсер етті.



Өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі үшін заңды жауапкершілік кәсіпкерлерді жобалау сатысында жаңа өнімдерді әзірлеуге эргономисттерді тартуға итермеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет