Ерте сәбилік шақта сөйлеудің дамуы.
Жоспар:
1.Ерте сәбилік шақ. Сөйлеуге үйренудің қолайлы кезеңі.
2. Сөйлеуді дамыту үшін заттық іс-әрекеттің маңызы.
3. Баланың белсенді сөйлеуін дамыту.
4.Қорытынды.Баланың сөйлеудің игеруі. Психикалық даму үшін ерекше маңызы.
Ерте сәбилік шақ-сөйлеуге үйренуге қолайлы кезең. Сөз үйренуге интенсивті әзірлік, біздің жоғарыда байқағанымыздай, нәрестелік кезеңнен-ақ басталады, балада фонематикалық естудің негізі қалыптасады, сөз дыбыстарын қайталау дағдыға айналады, ақырында алғашқы сөздерді тусінуі және айтуы пайда болады. Мұның өзі олардың үлкендермен қарым-қатынасын кеңейтеді.
Сәбилік шақта сөйлеуді дамыту үшін балалардың заттық іс - әрекеттерді игеруге байланысты пайда болатын үлкендермен қарым - қатынас формасындағы өзгерістермен шешуші маңызы бар. Сөйлеуді дамыту үшін сөзбен қатынас жасаумен бірге, заттық іс-әрекет Кезіндегі жинақталған әсерлердің де маңызы бар. Ерте сәбилік шақта сөйлеудің дамуы екі жолмен жүргізіледі. 1 Үлкедердің сөзін түсіну жетілдіріледі. 2. Баланың мүдірмей сөйлеуі қалыптасады. Екі жасқа қараған алғашқы айларда үлкендердің балаға таныс әлдебір затқа айтқан сөзі, егер сол нәрсе көз алдында ғана тұрса , оның іс-әрекетін туғызады. Мысалы, баланың алдында қуыршақ жатыр екен. Сол кезде үлкендердің: “Қуыршақты маған алып берші” деген сөзін естіген бала бірден соған ұмтылады. Егер сәби қуыршақты көрмесе, онда “қуыршақты маған әперші” деген сөздің бағдарлық әсері болады, да бала қуыршақты іздемейді. Дегенмен, қажетті нәрсе баланың көз алдында тұрса да одан көрі сүйкімді, неғұрлым жақын әрі жаңа нәрсе көзіне түссе оның назары соған мауып кетеді. Баланың белсенді сөйлеуі дамыту бір жарым жасқа дейін баяу өтеді. Бұл кезеңде ол 30-40 сөзден 100 сөзге дейін үйреніп, оларды өте сирек қолданады. Бір жарым жастан кейін, әдетте, шұғыл өзгеріс байқалады. Бала жаңа бірдене ойлап табуға әуестенеді. Ол әр нәрсені атын білуге құштарланумен бірге, соларды өзі де айтуға іс-әрекет жасайды. Бастапқыда оның тілі келмейді,ол былдырлап сақауланып сөйлейді. Бірақ Кешікпей: “мынау не?” –деген сұрақпен үлкендерді мазалайтын болады. Сөз үйрену қарқыны тез өседі. Екі жастың аяғында бала 300-ге дейін, ал 3 жастың соңында 1500-ге дейін сөз біледі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА КӨП РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |