1. Есепті шығару: «Жабдықтау»



бет1/5
Дата29.04.2022
өлшемі19,5 Kb.
#32753
  1   2   3   4   5
Байланысты:
задание меншік


1. Есепті шығару:

1. «Жабдықтау» ЖШС пен «Сауда орталығы» ЖШС арасында тауар жеткізілімі шарты жасалған. Шарт бойынша «Жабдықтау» ЖШС-і сатып алушыға белгіленген теңіз тауарларының консервілерін жеткізген, бірақ олардың жарамды мерзімі өтіп кеткен. «Сауда орталығы» ЖШСі тауарды жарамсыз деп танып, тауар жеткізушіге алдын ала берілген ақшалай сомманы қайтару бойынша наразылық берді және шарт бойынша белгіленген айыпты төлеуді талап етті.

«Жабдықтау» ЖШСі наразылықтан бас тартты.

Осы айтылғанға байланысты «Сауда орталығы» ЖШСі тауарды қайтып алып, берілген ақшаны қайтаруды және міндеттемені тиісті орындамағаны үшін айыпты толеуді талап етті.



Сұрақтар:

1. ҚР Азаматтық кодексі бойынша мерзім дегеніміз не?

2. Мерзімнің қандай түрлері бар?

3. «Сауда орталығы» ЖШСінің әрекеті дұрыс па?


2. Жазбаша шарт негізінде 2013 жылдың шілде айында Ахметов Шиловадан бөліп төлеу негізінде үй сатып алған. Шарт жасасқан кезде Ахметов пен Шилов үйдің кездейсоқ жойылуы қауіпі шарт жасасқан кезден Ахметовқа өтеді деп келіскен. 2014 жылдың қыркүйек айында найзағайдан пайда болған өрттің салдарынан үй өртеніп кетеді. Ахметов шарттан бас тартып және үйдің кездейсоқ жойылу қауіпі Шиловада деп тұжырымдап, шарт бойынша үйге төленген ақшаны қайтаруды талап етті. Шилова талапты орындамады, үйдің кездейсоқ жойылу қауіпі Ахметовта деп мәлімдеді.
Сұрақтар:

1. Меншік құқығы дегеніміз не?

2. Мүліктің кездейсоқ жойылу қауіпі қай кезден сатып алушыға өтеді?

3. Бұл жерде кімнің іс әрекеті дұрыс?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет