1. Эссе: Менің мотивациям



бет2/3
Дата19.04.2023
өлшемі17,36 Kb.
#84230
1   2   3
Байланысты:
Психология тек4

2. 1)Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.
2)Темперамент (латын тілінен temperamentum – тиісті бөліктердің қатынасы) - адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы, белгілі бір жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психика ерекшеліктері. Темперамент дегеніміз адамның биологиялық сипатынан көрінетін адамға тума берілген әрекеттер мен қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика) сипатын бейнелейтін табиғи іргетасы. Адамдар арасындағы көптеген психологиялық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы–қозғалғыштығы–бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.

Темпераменттің келесідей екі сипаты белгілі:


Белсенділік, бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуі кезінде, қозғалыс темпінде, шапшаңдығында және интенсивтілігінде көрінеді;


Эмоциялық, ол сезімталдылық, импульсивтілік және әсерлілігінде көрінеді.


3)Ерік – іс - әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс - әрекетті орындау тұлғаның іс - әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. Еріктік іс - әрекет тұлға қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс - әрекеттің мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған.
Еріктік әрекеттер түрлері :
- ырықты ;
- ырықсыз ;
- қарапайым;
- күрделі.
4)Тұлғаның еріктік қасиеттері.
мақсатқа ұмтылыс;
принциптілік;
дербестік;
инициативалық;
шешім қабылдағыштық;
табандылық;
ұйымдасқандық;
батылдық;
тәртіптілік.
5)Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
6)Адам ағзасы басқа тірі ағзалар сияқты өзінің биологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылады. Осы арқылы ағза өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап отырады. Адам ағзасы өз қажетін қанағаттандыру үшін үнемі тамақтанады, тыныс алады және т.б. Соған байланысты өседі, дамиды және тіршілігін жалғастырады. Адам қоғамдағы өз мінез-құлығы аркылы әлеуметтік және рухани қажетін қанағаттандырады. Мұндай қажеттіктерге еңбек етуі, білім алуы, шығармашылық жұмысы, білгенін басқаларға үйретуі және т.б. жатады. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін міндетті түрде алдына мақсат қояды. Ішкі сезімге беріліп, ойлайды, қиялданады, есіне түсіреді. Мұның бәрі әр адамның жеке ішкі сезімі арқылы миында алдын ала бейнеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет