Эстафеталық жүгіру - бұл командалық жүгіру. Бұл топта ара қашықтық этаптарға бөлінеді. Эстафеталық жүгірудің мақсаты - өте жылдам жүгіре келіп эстафетаны бір – біріне табыс етіп сөреден мәреге жеткізу. Этаптардың ұзындығы бірде / қысқа және орта қашықтықтарда / немесе әр түрлі / аралас қашықтықтарда / болуы мүмкін. Эстафеталық жүгіру стадион жолдарында, кейде қаланың көшелерінде / айналма, не болмаса жұлдызша эстафеталары / өткізіледі.
Балға лақтыру (hammer throw), жеңіл атлетикадағы тәртіп. Мұндағы тәртіп бойынша спортшылар балғаны мүмкіндігінше алыс қашықтыққа лақтырады. Балға ұзындығы 1,2 м-ден аспайтын икемді сым тұтқасы байланған металл шарынан (7, 26 кг.) тұрады. Лақтырушы лақтырар алдында жоғарғы жылдамдықта үш айналым жасайды. Спорттың түрі ретінде балта лақтыру 14 ғ. Британ аралында пайда болған. Алайда 1866 жылдан бастап Кембридж және Оксфорд жарысы арасында ғана бағдарламаның тұрақты бөлігі болып саналған. Ал, 1900 жылдан бастап олимпиадалық спорт түрі болып аталады.
3.Жеңіл атлетикада зерттеу әдісін қолдану ерекшелігі