1 Ф. Оңғарсынованың лирикасы мен «Оюлар» өлеңіндегі ұлттық құндылықтарды көрсетіңіз



Дата07.12.2022
өлшемі18,23 Kb.
#55697

ГҮЛДАНА
1)Ф.Оңғарсынованың лирикасы мен «Оюлар» өлеңіндегі ұлттық құндылықтарды көрсетіңіз.
Ақынынң жазылу мәнерінде, стилінде бірде терме, бірде толғау, енді бірде нақыл сөз үлгісінде келетін өлең-жырлардың («Аға рухымен сырласу», «Түрмеге хат», «Өнер мен саясат», «Парыз», «Бөрібектің екі өсиеті», «Ұрпаққа», «Қасірет пен өкініш», «Ескерту», т.б.) өрімінде автордың парасатты, байыпты көзқарасы лирикалық кейіпкерлердің бейнесі арқылы анық көрініп отырады. Өнегелі өсиетке толы ондай туындылар өткір ойлы, келелі кеңес пен ақыл – пайымға толы боп келеді. Адамгершілік уағызға құрылған тәлім-тәрбиелік мәні зор өлеңдердің жазылу мәнері жыраулар поэзиясының өрнек үлгісін тереңдете дамытқан ақынның ұлттық бояу-бедерді барынша анық, айқын қолданғанын аңғартады.
Суреткердің сырт көзге сыпайы көрінетін байсалды лирикалық «мен» азаматтық тұлғаға айналарда оқырманға басқа бір қырынан шуағын шашады. Бұл тұрғыда қоғамның тұрмыс-тынысын, ондағы адамзат тіршілігінің жүйткіндерінен сыр шертер өлеңдер Фариза ақынның «Қыз ғұмыр» (Алматы ,1996) атты кітабында мол ұшырасады. Азаматтық биік әуенді, салмақты ойды арқалаған ондай туындылардың бірі – «Арман» атты өлеңі. Лирикалық кейіпкердің арман-тілегі бір арнаға тоғыса келе, әлеуметтік мәні зор өткен заманның шынжырлы шындығынан шер ақтарған елдің, халықтың мәселелерді ой тезінен өткізеді.
Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңі 1981 жылы жазылды. Өлеңде ақынның әжесіне деген сағынышы, түскиіздегі оюларға қарап ғасырлар бойы өз сәнін жоғалтпай сақталып келе жатқан оюдай өз жыр өрнектері ғасырлардан сүрінбей өте алар ма деген ойы бейнеленген. Балалық шаққа саған деген, әжесіне сағынышын ақын сол түскиіздегі оюмен басады.
2)І.Есенберлиннің “Ғашықтар” шығармасындағы нәзік жандылардың образына талдау жасаңыз.
Бұл кітап терең қайғы қасіретті басынан кешіруі арқасында адам жанының өсіп дамуының құпиялары көрсетіледі. Шығармадағы кейіпкерлер өз қателіктерін көре отырып, сол кемшіліктерді түзетеді. Романда басты кейіпкер Жантастың сонау студенттік шағынан бастап , өмірдің әр қилы соқпақтарынан өтіп бір орында тоқтап қалмай қиындықтарға мойымай батылдық, сенімділік, адалдық, өмірге деген құштарлығын байқадым. Шығарманың басты ерекшелігі адам бойындағы мейірімділік, адалдық, өз ісіне беріктікпен сипат алады. Шығармада автор басты кейіпкердің мүсінші екенін және де өзге де кейіпкерлердің түр тұлғасын ерекше сипаттап, олардың сымбаттылығын , сезімталдылығын нақышына келтіре бейнесін айшықтады. Бұл шығарманың бойжетіп келе жатқан жас қыздарға берері мол. Өткен шақтың болашаққа әсері қаншалықты екені мен әркім өз істеген ісіне жауапты екенін үйретеді.
Шығармадағы нәзік жандылар: Базаргүл, Ұлбосын, Үміт, Аяужан, Алтынай.
Базаргүл – Жантастың қарындасы. Ақылды, оқыған, ізденімпаз.
Ұлбосын – жеңіл мінезді, шыдамды, сұлу студент қыз. Ол өзінің отбасылы оқытушысына ғашық болып, көңіл қосады. Солай жүргенде аяғы ауыр болып, медицинадан хабары жоқ бақсы-балгерге барып түсік жастады. Соңында қатерлі ісік ауруына шалдығып, өлімін күтпей дәрі ішіп қайтыс болады. Шығармадағы образы махаббатың құрбаны.
Үміт- әдемі, қылықты, мінезі жеңіл. Отбасын құрғанмен онымен бірге бола алмай ажырасып, үйленген Жантасқа келуі – жағымсыз кейіпкер ретінде көрсетті.
Аяужан – ақылына көркі сай, сүйкімді, биязы. Жантастың қарындасымен құрбы. Жантаспен кішкентайынан бірге өскен. Өмірдің қиындықтарына мойымайтын, қайсар қыз.
3)М.Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясындағы заман шындығына талдау жасаңыз.
«Абай жолы» эпопеясы тарихи өмір шындығына жүгінген көркем туынды. Шығармада суреттелетін бейнелер өмірдің өзінен ойылып алынған. ХIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласының бүкіл экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-рухани салаларына көркем сөз өнері арқылы тіл бітірді.
«Абай жолы» эпопеясында ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласының толық көрінісі ақын өмірі арқылы көрсетіледі. Бұл уақыт – хандық жүйенің жойылған кезеңі еді.Оның орнына округтерге бөлінген, бас-басында аға сұлтандар билеген билік жүйесі орныққан-ды. Сондай-ақ, әр рудың басында жер мен жесір және өзге де дауларды шешуде ерекше рөлге ие билер де елеулі мән мен маңызға ие болатын. Эпопеяда бұны анық аңғаруға болады. Мәселен, тобықты руының ең ықпалды биі Құнанбай. Ол ырғызбайдың мүддесін қорғады. Бөжей жігітектердің ықпалды биі болды. Байсал іргелі ел көтібақтардың туын көтерді. Сүйіндік мейілінше саны аз бөкеншілердің тілеуін тіледі. Қаратай көкшелердің намысын жыртты. Құлыншақ торғайлардың бетке тұтар биі болды. Олар өз ел-жұртының, руының көкейкесті мәселелерін терең білді. Сол саладағы терең иірімдер мен жұмбақ сырлардың құпияларын да терең меңгерген, өмір тәжірибелері мол, тіршіліктің сан мыңдаған сынақтарынан сүрінбей өткен ірі тұлғалары еді.
Абай өмір сүрген қоғамның өзекті тартыстарв мен күрестерін, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын, көркем тұлғалардың өткендегісі мен бүгінгісін кеңінен қамтып, болмыстың екшелеген, жинақталған шындығын айту міндеті роман-эпопеяда зор шеберлікпен шешім тапты. «Абай жолында» ұлы ақынның жекебастық іс-әрекеттері дәуірдің көкейкесті мәселелерімен, нәсілдер, таптар, халықтар таңдырларының тоғысуымен ойластырыла баяндалды. Роман-эпопеяда оқиғалардың ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдық тіршілікке тәуелділігі, тұлғалардың даралық келбеті, зұлымдықты әшкерелеу мен ізгілікті мадақ ету өмір шындығына сәйкес көрсетіледі. «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл кеңес әдебиетінің де дүниежүзілік даңққа бөленген ұлы туындыларының бірі. Шығарма елуден артық тілге аударылып, әлемнің барлық құрлықтарына тарады. Көптеген елдің адамдары бұл романнан қазақ халқының жартығасырлық өмірінің толық суретін, әлеуметтік жағдайын, мәдениетін, тұрмысын таныды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет