1 Ғылым ұғымы. Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі


)Ғылым, білім және өндіріс интеграциясы



бет5/84
Дата16.03.2022
өлшемі111,97 Kb.
#28129
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
4)Ғылым, білім және өндіріс интеграциясы
Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Интеграция дегеніміз: (латынша қалпына келтіру, толықтыру, бүтін) – педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіру. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындары мен орта буын оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен деңгейін жан–жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.

Инновациялық дамуымыздың қозғаушы күші ретінде елімізде құрылған технопарктер таңдап алынды. Бүгінде аймақтық технопарктерге, ең алдымен, Қазақстанның бар өңірін инновациялық-индустриалды жағынан бірдей дамытуы үшін озық деген әдістер жүзеге асырылуда.

Интеллектуалдық ұлтты қалыптастыруда үш базалық аспекті бойынша нақты әрі жүйелі түрде алға жылжу бар. Білім, ғылым және инновация салаларын дамытудың жаңа жолдары әзірленді. Олардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау механизмі жасалып, заң жүзінде бекітілді. Бұл адам капиталын дамытуға жағдай жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет