55. Зерттеу жұмысын жүргізу кезеңдерінің сипаттамасын жазыңыз. Диль Ғылыми зерттеудің бес кезеңі бар: 1. Диагностикалық кезең — мәселенің пайда болуы мен қазіргі кездегі жайы анықталады;
2. Прогностикалық кезең — зерттеу пәні мен обьектісі анықталады, гипотеза қойылады;
3. Ұйымдастыру кезеңі — зерттеу мерзімі, базасы анықталады;
4. Практикалық кезең — эксперимент жүргізіледі;
5. Қорытынды кезең — нәтижені талдау, безендіру;Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды.
Зерттеу үдерісіндегі 8 қадам 1.Зерттеу мәселесін таңдау.
2.Кең көлемді әдеби шолу.
3.Гипотеза жасау.
4.Зерттеу жобасын дайындау.
5.Сынамаларды алу.
6.Деректер жинау.
7.Деректерді талдау.
8.Гипотезаны тексеру.
56. Ғылыми стильге қойылатын талаптардың тізбесін жасаңыз. Қымбат
сөздің негізгі мағынада жұмсалуы;
термин сөздердің көп қолданылуы;
ғылыми ұғымдардың дәл айтылуы;
ойдың дәл, нақты болуы;
образды сөздердің болмауы.
Ғылыми стильдің лексикалық белгілері:
лексикалық құрамы кітәби-жазба стиль негізінде қалыптасады;
сөз нақты өз мағынасырда қолданылады;
көп мағыналы сөздер, образды сөздер аз кездеседі;
ғылым саласының ерекшелігіне байланысты термин сөздер, интернациональдық терминдер мол қолданылады;
нақты зат есімдер жалпылама мағынада қолданылады;
күрделі сөздер, қысқарған сөздер және символ-белгілер кездеседі;
неологизм сөздер жиі кездеседі.
57. Ғылыми стильдің лексикалық және синтаксистік белгілерін Т-кестеге салыңыз. Алина