1. Ғылымға берілген анықтамаларды салыстырып, басты қағидаттарды кластерге түсіріңіз. Қымбат



бет51/54
Дата21.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#142123
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
ҒЗН сес

7- қателік:
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасаудағы қателіктер
Таптаурын болған пікірлер, ескі көзқарастағы еңбектерге сілтеме жасау; Тақырып бойынша ең басты деген әдебиетті қалдырып кету;
Әдебиеттерге талдау жасау кезінде өзіндік тұжырымдардың болмауы;
Цитаталарды дұрыс бере алмау;
- Жұмысты жаза бастаған алғашқы күннен бастап әдебиеттер тізіміне мұқият қарамау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі жобаның құндылығын танытатын басты көрсеткіш болып табылады. Әдебиеттер тізіміне бір қарап шықанда-ақ, жұмыстың сапасы туралы алғашқы пікір қалыптасады. Оқушы библиографиялық көрсеткіштермен жұмыс жасағанда, конспект жасаған, оқып шыққан әрбір еңбектің
ТОЛЫҚ БАСЫЛЫМДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН
(автор(-лар)ы, кітаптың, мақаланың аты, журналдың аты, жылы, нөмірі, цитата алынған беттері, кітаптың толық бет саны, томы, баспаның аты т.б.)
жеке блокнотқа жазып алып жүруі керек. Кейде кітапханадан ксерокөшірмесін алған материалдың басылым көрсеткіштерін жазып алуды ұмытып кетіп жатады.
Жобаны қорғауға ұсынар алдында, соңғы рәсімдеулер кезінде ол кемшіліктер алдыдан шығады, материалдарды екінші рет ақтарып іздеуге, артық күш жұмсауға әкеледі.
8- қателік:
Зерттеу әдіс-тәсілдерін дұрыс меңгермеу
БАҚЫЛАУ ӘДІСІ келесі кезеңдерде жүреді:
1.міндеттері мен мақсаттарын айқындау;
2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру;
3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу;
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;
5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
СҰХБАТ ƏДІСІ – қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі.
Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері жасалған жоспармен орындалады.
САУАЛНАМА ЖҮРГІЗУ ӘДІСІНІҢ ТАЛАПТАРЫ:
алынатын ақпараттың сипатын анықтап алу;
қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болуы;
сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, алғашқы тексеруден өткізілуі;
сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырғы редакциясының ұсынылуы.
ИНДУКТИВТІ ЖƏНЕ ДЕДУКТИВТІ ƏДІСТЕР –
Индуктивті əдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса,
дедуктивті – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет