Сұрақтар:
1. Философия даналыққа құштарлық ретінде.
2. Философияның эвристикалық мүмкіндіктері. Эристика ұғымы
Философия даналыққа құштарлық ретінде.
Философия ұғымы грек тілінен аударғанда даналыққа деген сүйіспеншілдікті білдіреді («филиа» — сүю, «софиа» — даналық). Бұл сөзді ежелгі грек ғалымы Пифагор қолданысқа енгізді, бірақ оның кең колданылуы б.д.д. V ғ. басталды. Бұл уақыттары Грекияның -жоғары дамыған мәдениеті бар, бай гүлденген аймақта, өздерін софистерміз (яғни даналармыз) деп айтатын адамдар болды. Олар тек ойлап, әңгімелесіп қана қойған жоқ, сонымен қатар даналыққа оқытты және оған деген сұраныстар да өте жеткілікті болды. Бірақ даналыққа оқытудьщ, кәсіпке оқытудан көрі көп ерекшелігі бар еді. Онда, адам бірдеңеге үйренді ме, әлде жоқ па, тексеруге болады. Ал, даналыққа оқытудың нәтижесін іспен көрсету қиын. Әрине оқыту үшін аз ақша алынбайтын. Осы жағдайда, табыс табу жолында адамдардың аңқаулығын пайдаланатын, өздерін даналармыз деп атайтын, алдамшылар да жеткілікті болды. Нәтижесінде ел кезуші софистер әзіл-мазақтың объектісіне айналды. Нағыз дана адамдар ақшамен оқытудан алшақ болды. Олар өздерін сыпайы түрде философпын деп атап, біз тек қана даналықты сүйеміз, деп айтатын.
Осындай философтардың алғашқыларының бірі Сократ, біз данамыз деп атайтындарды кекетіп: «Мен ештеңе білмейтіндігімді білемін» деп жиі қайталаған, Платонның айтуынша Сократ «философия» терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Олай болса, философия өзінің даналығына деген шүбәланушылықтан және оған сүйіспеншілікпен ұмтылудан басталады.
Философия ақиқатқа талпыныс қана деп түсінілді. Мысалы Платонның ойынша философ әруақытта білім мен білімсіздіктің ортасында болады, ол аз жетілген білімнен жетілгендікке, білімсіздіктен білімге шығуға талпынады. Оның ойынша табиғаттың және адам өмірінің құпияларын ашатын, өмірдің талабына сай әрекет етуге және табиғатпен жарастықта өмір сүруге үйрететін адамдарды философ дейді.
Даналыққа деген сүйіспеншілік мағынасын Платонның диалогы «Пир» шығармасынан көруге болады, онда даналық — адамның жеке өзіндік физикалық бар болуынан көрі және жеке дара шектелген тұлғалығынан бас тарту арқылы жоғарылыққа бағытталған рухани ұмтылысы.
Ежелгі грек философы Аристотель, даналық дегеннің өзі: бәрі де солардан шығатын бірақ оларды басқа жалпылықтардан шығарып алуға болмайтын «бірінші себептермен және басталыммен шұғылданады», деп жазды. Ондай білім, «адам мүмкіншіліктерінен жоғары» деп жалғастырады Аристотель. Шындығында ақырғы ақиқатты білу мүмкін емес, сондықтан Аристотель қойған талаптай адамның данышпан болуы да мүмкін емес, бірақ болуға тырысу даналыққа деген сүйіспеншілдік — философ. Даналық деген белгілі бір жағдай емес, ол мақсат. Жалпы, даналық тұтас болмысқа және өмірдің мәніне бағытталған.
Философиядағы негізгі нәрсе – дүниеге көзқарас. Ғалым мұны ешқашан жадынан шығармайды. Сол көзқарас қоғамның сергек болуына ықпал етеді. «Адам болған соң, дүниеге дұрыс көзқарас керек. Қай ел болсын, азаматы оның патриоты болуы керек. Отанын ойлайтын азамат қалыптастыру мәселесі білім беру мәселесінен кем емес» дейді ол. Жабайхан Мүбәракұлының ұғындыруынша, қоғам озық болуы үшін ақыл, адамгершілік, кісілік сезім керек. Бұл үшеуі мемлекеттегі рухани ұстынды құрайды. Ақыл болмаса, таным дұрыс қалыптаспайды. Адамгершілік болмаса, қоғамдағы құндылықтар арзандайды. Кісілік болмаса, адами қарым-қатынастың берекесі кетеді. Осы үшеуінің аясында сезім деген ұғымды да ұмытпаған жөн. Академиктің бұған қатысты тұжырымы айқын: «Осы үшеуінсіз қиын. Біздің қазақ халқы білімі, математикасы, физикасы болмағанмен, ежелден адам болуға керемет көңіл бөлген. Мысалы, Рим кезінде керемет мемлекет болды. Бір заманда сол Римде адамгершілік азайған соң, парақорлық, өтірік айтушылық белең алып, кісілік төмендеп кеткен. Жұрттың бәрінің ойы байлық пен билікте болған соң ұлы мемлекет күйреген. Ақыры өздері адам емес деп жүрген варварлар жаулап алды. Адамгершілікке көңіл бөлмесе болмайды». Мұндай нәрселердің бәрі де сабақ болуға тиіс. Адамның ізгі қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашатын шараларды көптеп ұйымдастырған жөн. Академиктің ұлағатты ұстанымы осыған саяды.
Философияның эвристикалық мүмкіндіктері. Эристика ұғымы
Эвристикалық функцияның мәні ғылыми білімнің өсуіне, оның ішінде ғылыми жаңалықтардың алғышарттарын жасауға ықпал ету болып табылады. Ресми логикамен бірлікте қолданылатын философиялық әдіс, әрине, нақты философиялық салада білімнің өсуін қамтамасыз етеді. Мұның нәтижесі әмбебап Санаттар жүйесінің кең және қарқынды өзгеруі болып табылады. Жаңа ақпарат болжам түрінде болуы мүмкін.
Философия теориялық және идеологиялық немесе жалпы әдіснамалық сипаттағы ашылуларды болжауға тырысуға ешқандай тыйым салмайды. Диалектиканың Белгісіз Негізгі немесе негізгі емес заңдарын тұжырымдауда көрінетін дамудың жаңа әмбебап жақтарын табуға болады. Жеке ғылымдарға келетін болсақ, философиялық әдіс басқа әдістермен бірге қолданыла отырып, оларға күрделі теориялық, іргелі мәселелерді шешуге, олардың болжамдарына "қатысуға" көмектеседі.
Гипотезалар мен теорияларды құруға философияның қатысуы маңызды. Мүмкін, философиялық идеяларды - себеп, кеңістік, уақыт және т.б. пайдаланбай қалыптасатын бірде-бір жаратылыстану теориясы жоқ, біз философиялық идеялардың құрылымдық рөлін нақтылауға тоқталамыз, яғни. философиялық принциптер мен ұғымдар жаратылыстану теорияларының қалыптасуына қалай әсер ететінін ашу. М. в. қалай орнатты. Мостепаненко, философия физикада жаңа ғылыми теорияның қалыптасуына тікелей емес, жанама түрде, аралық байланыс арқылы - әлемнің жеке ғылыми бейнесі арқылы әсер етеді. Нәтижесінде физикалық теориялар белгілі бір эмпирикалық негізде ғана емес, сонымен бірге "эмпирикалық емес" негізде де жасалады.
Эристика (гр.eristikos - даукес) - айтса білу онері, әсіресе ежелгі гр. софистері арасында кең тараған. Эристика ақиқатты талас жолымен іздестіру құралы ретінде пайда болды; көп кешікпей диалектика және софистика болып бөлінді. Біріншісін Сократ өз тәслінді дамытты. Ал софистика таласта қарсыласын жеңуге ғана ұмтылып, эристика кез келген пайымдауды бірдей дәрежеде ойдағыдай дәлелдеуге де, теріске шығаруға да болатын жиынтығына айналдырды,сондықтан Аристотельдің өзі- ақ эристика мен софистиканың арасында айырма бар деп санамады.