Байланысты: 1. Физиология п ні, бас а ылымдармен байланысы, медицинада ы ма
Нейрондегеніміз - жүйке жасушасы. Ол - жүйке жүйесі құрамын дагы жеке (дербес) бөлік, сол жүйенiн морфоәрекеттік негізі. Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақ ты қоршайтын құрылым.
Нейрондар пішіні, көлемі жағынан әртүрлі. Бiрак кай нейрон бол са да, ол дене және өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, баска жасушаларға да тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид (қарала) заттар болады. Соңғы ларының әрбіреуі түйіршікке не кесекке ұқсайды. Ядролық бояулар мен боялатын болғандықтан олар нейрон протоплазмасын ала-құла етіп көрсетеді. Нейрон талшықтары ұзындығына қарай (1 микроннан 1,5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит кыска талшығы. Әр нейронда бір аксон, бiрнеше дендрит болады. Дендрит аксонға қарағанда көп тармақты келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Темпешікте тигроид заттар мен миелин кабығы болмайды. Аксон темпешігінің козу кабілеті өте жоғары. Сезімтал нейрон нын шеткей орналаскан аксонының ұшында қабылдағыш (рецептор) болады. Ал орталык жуйке жүйесіндегі жүйке талшығының үшы жу андап буршiкке уксайды. Нейрондардын осындай уштары бір-бірімен жанасып түйiспе курады. Қозу серпінін қабылдағыштан жүйке орталыгына багыттап еткiзетiн жүйке талшығы әкелетін (афференттік) деп аталады, ал орталыктан козуды шеттегі ағзаларға жеткізуші тал шыкты әкететін (эфференттік) деп атайды. Жүйке талшықтары майлы, жұмсақ қабығынын болу-болмауына байланысты миелинді, миелинсiз деп екіге бөлінеді.
Нейроглия деп нейрондар аралыгын толтыратын жасушаларды (глиондарды) айтады. Глия грек сөзі - желім деген мағынада. Расында да олар нейрондардын денесі мен талшықтарына жабысып турады. Глиондар екі түрлі астроциттер және олигодендроциттер. Бұлардың аксоны болмайды және өзара туйіспелер курмайды.
Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша де несінен күннің сәулесі тәрiздi жан-жакка таралады. Астроциттер көбінесе мидын кан тамырлары бойында орналасады да, нейрондар ды олармен байланыстырады. Олигодендроциттер нейроннын аксонын коршайды, тармактары өте аз болады.