1. Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері



бет21/21
Дата03.12.2023
өлшемі78,98 Kb.
#133124
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Физиология практика се ссия 2022

Объективті аудиометрия- Шартты және шартсыз рефлекстерге ненгізделген. Бұл зерттеу әдісі есту қабілетін дыбыс анализаторының орталық бөлімдерінің зақымдалуы кезінде және еңбек пен сот-медициналық экспертиза кезінде бағалауда маңызды. Күшті және кенеттен шыққан дыбыс кезінде пайда болатын шартсыз рефлекстерге көз қарашықтарының кеңеюі, қабақтың жабылуы жатады.
Адамның құлағы диапазоны 16 - 20000 Гц арасындағы дыбыс тербелістерін қабылдайды. Соның ішінде 1000- 3000 Гц тербелістерге өте күшті сезімтал болады, себебі бұл дыбыс адамның дауысына сәйкес келеді.
Есту талдағышының сезімталдығы әсер ететін дыбыстың есту түйсігін тудыратын ең аз шамасымен, яғни естілу табалдырығымен, бағаланады. Сондықтан құлақтың есту өткірлігін анықтау үшін клиникада аудиометрия әдісі қолданылады. Аудиометрдің көмегімен дыбыстың жиілігін (100-ден 10000 Гц дейін) және күшін (0-ден 100 дБ дейін) дәл белгілеп беруге болады.
Нейросенсорлы құлақ кемістігі- Дыбыстарды кабылдау бүзылғанда ауалык пен сүйектік өткізгіштіктері бірдей шамада өзгерістерге ұшырайды да, сүйектік-ауалық бос аралық жоқ болады
Кондуктивті құлақ кемістігі- Дыбысты өткізу бұзылғанда аудиограммада ауалық өткізгіштікте есту табалдырығы жоғарылап, сүйек өткізгіштікте қалыпты болады. Араларында сүйектік –ауалық алшақтық (ұлу резерві) жатады.
Аралас немесе комбинирленген кереңдік- аудиограммада дыбысты өткізу мен дыбысты қабылдаудың бұзылысының белгілерінің болуымен сиппаталады, бірақ олардың арасында ұлу резерві сақталады.
Қорытынды: Қолданыстағы есту қабілетін зерттеудің әдістері кереңдіктің айқындалуын, сипаттамасын, есту талдағышының зақымдалуының орналасқан жерін дұрыс анықтап, түсінуге мүмкіндік береді.


40. Сүйектік және ауалық есту өткізгішін анықтау.
Жұмыс істеу үшін керек құралдар: камертон, резеңкелі түтік, секундомер
Жұмыс барасы: Сүйекті өткізгішті байқау үшін дыбыс шығарғыш камертонның аяғын зерттелушінің самайдың ортасына орналастырады. Зерттелуші екі құлағымен де дыбысты бірдей күшпен еститіндігін белгілейді. Содан соң бір құлаққа мақта тығып, тәжірибені қайталайды. Мақта тығылған құлақта дыбыс қатты естілетін сияқты болады. Бұл кезде дыбыс есту рецепторларына бассүйектің ең қысқа жолымен жеткендігімен түсіндіріледі. Әріқарай екінші зерттелушінің құлағын бірінші зерттелушінің мақта тығылмаған құлағын резеңкелі түтікпен жалғастырады. Екінші зерттелуші дыбысты дәл солай естиді, себебі дыбыс толқындарының кеңістікті бағанада таралуы жүреді.
Сүйекті және ауалық өткізгіштікті салыстыру үшін сонымен қатар Ринне тәжірибесі жүргізіледі. Дыбыс шығарғыш камертонның аяғын самай сүйегінің емізікше тәрізді өсіндісіне тығыз жанастырады. Зерттелуші біртіндеп әлсізденген дыбыс естиді. Дыбыс өшкен кезде камертонды құлаққа апарады. Зерттелуші қайта дыбыс естиді. Секундомер көмегімен дыбыстың естілу уақытын анықтайды. Тәжірибе кезінде есту талдағышы бейімделмеуі үшін камертонды 0,5м алшақтатады, кішкене уақытқа қайта құлаққа әкеледі.
Қорытынды: ауа өткізгіштігі сүйек өткізгіштікке қарағанда ұзағырақ болғандықтан, ауадағы дыбыс әлі де естіледі, демек Ринне тәжірибесі оң. Егер сүйек арқылы дыбысты қабылдаудың ұзақтығы ауадан гөрі ұзақ (сүйек өткізгіштігі арқылы дыбысты қабылдау тоқтағаннан кейін пациент дыбысты ауамен қабылдамайтын жағдай) болса, бұл дыбыс өткізгіш аппараттың зақымданғанын көрсетеді (өткізгіш есту қабілетінің төмендеуі) - Ринне тәжірибесі теріс (R–).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет