1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


 Халық ауыз әдебиетін Ш.Уәлиханов, В.Радлов, М.Әуезов жіктеулері



бет18/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

23. Халық ауыз әдебиетін Ш.Уәлиханов, В.Радлов, М.Әуезов жіктеулері.
Шоқан қазақ аңыздары, аңыз- әңгімелері, ертегілері, өлеңдері, эпостық жырлары мен тарихи жырлары саласынан мол материалдар жинап, алғаш зерттеді. Зерттеу нәтижелерін қазақ халқының өткендегі тарихын танып білуге пайдаланды. Ғалым еңбектерінде қазақ ауыз әдебиеті алғашқы рет қазақтың мәдени рухани мұрасы есебінде зерттелді. Шоқан Уәлихановтың басқа еңбектері сияқты әдебиет туралы жазған мақалалары, ғылыми еңбектері, күнделіктері оның ерекше білімдарлығын, байыптылығын, аңғарымпаздығын, ұқыптылығын байқатады. Қай халықтың болса да әдебиеті алдымен фольклордан, халық сөз өнерінен басталатыны белгілі. Бұл заңдылық қазақ халқына да тән екндігін, оның ауыз әдебиеті де бай әрі өзіндік сыр-сипаттары да мол болғандығын Шоқан Уәлиханов көптеген деректерге сүйене отырып дәлелдейді. Ол қазақ, өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөледі. Өлең құрылысын жыршылардың қобыз не домбыраға қосып айтуына қарап жүйелеген. Өлеңге, әсіресе, суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өзіне тән ерекшелігі екенін анықтаған.

В.В. Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» атты 10 томдық еңбегі болды. Бұл көптомдықтың әр кітабы әр түрлі халықтардың фольклорына арналған-ды. Оның 1-кітабы (1886) – алтай, құманды татарлары, шор, саян; 2-кітабы (1868) – шұлым, түрік, хакас; 3-кітабы (1870) – қазақ; 4-кітабы (1872) – барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына айналды.


Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
М. Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бірі болып, әдебиет тарихына байланысты зерттеу мақалапар, оқулық еңбектер жазып, тыңнан жол салды, мол ғылыми мұра қалдырды. Әуезов әуел бастан әдебиет тарихын халықтың жалпы азаматтық тарихымен тығыз бірлікте қарастыру қажет деп білді. Ол қазақ фольклористикасында ауызша әдебиеттің түрлерін:
•​1) сыршылдық салт өлеңдері;
•​2) әңгімелі өлендер (батырлар әңгімесі, ел поэмалары, тарихи елеңдер);
•​3) айтыс-тақпақ;
•​4) ертегі, мақал, мәтел, жұмбақ
Деп топтастырды.
Салт өлеңдер. «Әдебиет тарихы» зерттеу еңбегінің 1-бөліміңде автор сыршылдық салт өлеңдерін: «жалпақ елдің салтымен байланысқан ел өлеңдері, дін салты мен ұғымынан туатын өлеңдер, қыз ұзату үстіндегі саж өлеңдер» деп үш түрге бөліп қарастырды. Олардың әрқайсысының туып, таралуын халықтың күнделікті тұрмыстық, әдет-ғұрып салтымен тікелей сабақтастырып айқындады. Салт өлеңдерінің кейбірін басқа ел әдебиеттерінде кездесетін үлгілермен де салыстыра отырып қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік өзгешелік-ерекшеліктерін ашып көрсетті.
Әңгімелік өлеңдерді талдау барысында әрбір жырдың тарихи негізін, ел тарихымен жанасатын тұстарын айырып айқындап, өзіндік таным-болжамын білдіріп отырады. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» мен «Қыз Жібек» көркем, іңкәр ғашықтық жыры болумен қатар кешпелі қазақ елінің өзгеден бөлек тұрмыс-тіршілігінен, салт, кәсібінен көп мағлұмат беретінін алға тартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет