Ең алдымен,миф деген не? Сұрағымызға жауап табайық.Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі.Яғни,адамның ертедегі қоошаған ортаға деген нанымы мен арман-қиялынан шыққан оқиғалар легі.Ал мифті жасаушы,мифологиялық кейіпкерлер.
Мифологиялық кейіпкер - мифтік дәуірде өмір сүріп, мифтік әлемдегі нәрсенің бәрін жасаушы, тіршілік атаулының бәрін дүниеге келтіруші күш. Қазақ фольклорында да мифологиялық кейіпкер бар. Олар өзінің шығу тегі мен мезгіліне, іс-әрекетіне қарай екі топқа бөлінеді. Бірі - архаикалық мифте бейнеленетін ілкі ата мен жасампаз қаһарман. Алғашқы адамға аң аулап, от жағып, тамақ пісіруді үйретуші және оның әдет-ғұрыптарын орындаушы болып суреттеледі. Екінші топтағы кейіпкерлер - қастандық ойлаушы албасты, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, үббе, күлдіргіш, айдаһар, жалмауыз кемпір, т.б.
Мифологиялық кейіпкерлерде аң-құстардың бейнеленуі көптеп кездеседі.
Адамның арман-қиялынан туындаған,Матриархалдық дәуірде үш басты, төрт басты, жүз қолды зұлым да кекшіл аждаһалар түрінде бейнеленген. Кейінгі заманда аталмыш мифологиялық кейіпкер басқа жанрларға ауысқан және өздері типтес жаңа кейіпкерлер туғызған. Мысалы, көне батырлықертегілер кейбір эпостарда ұшырасатын жеті басты жалмауыз, екі басты Самұрық құс.
Одан бөлек, Бір аңызда суда қалған нәрестені Бөрте шеше, яғни, қасқыр асырап бағып, Ашина түркілері содан тарағандығы айтылады. Қазақ ұғымында ақ және қара қасқыр бар. Көк қасқыр жебеуші, қорғаушы, құтқарушы болса, қара қасқыр жағымсыз образда болға
Ал ерекше атап өтетініміз, Қазақ мифологиялық кейіпкерлерінің ішіндегі тотемдік бейнеге жататын Көк Бөрі мен Ұмай ана бейнесі кездесетін «Күлтегін» толықметрлі мультфильмі қазақ анимациясының қоржынына түскен үлкен олжа.Көк бөріге тағы мысал, «Оғызнама» жырында көк бөрі Оғыз қағанның әскерін басқарған, Оғыз қағанға жол сілтеп, ақыл берген деген деректер айтылады.
49. Әпсана - қазақ фолклорының ертегіге жатпайтын шығарма. Әпсана (легенда)- дегеніміз қазақ фолклорының ертегіге жатпайтын қиял мен кереметтік элементтерін мол пайдаланатын және бір шындық оқиғаны, кейіпкерді, мекенді қамтитын бірақ мұсылмандық дінге негізделмеген әңгіме.
Халық прозасының бұл жанры үш түрге бөлінеді:
а)mapuxu-мекендік әпсаналар
ә) әлеуметтік-утопиялық әпсаналар
б) діни-кітаби хикаяттар.
Әр түріне жекелей тоқтала,әпсананың мәнін ашайын.
1. Тарихи-мекендік әпсаналар кей жағдайда ежелгі мифтен де тарайды. Жер-су, мекен тарихын баяндайтын әпсаналардың сюжеті коп жағдайда сол тектес аңыздар сюжетіне ұқсатылып, қиялдан туады. Мәселен,«Тоқпанның балалары», «Айнақ көл», «Ыстық көл», «Қара жігіт», «Өгіздің терісі», «Қызылкеніш ордасы» сияқты әпсаналар осы негізде пайда болған
2. Бұлармен салыстырғанда әлеуметтік-утопиялық әпсаналар болмысты, өмірдің көкейкесті мәселелерін молырақ әрі айқынырақ қамтиды.Бұған мысал, Алтын Орда мен Ноғай Ордасы ыдырап, ел күйзелген тұста «Жерұйықты іздеген Асанқайғы» туралы, содан соң XVIII ғ.-да Өтегеннің Жиделі Байсынды іздегені жайындағы әпсаналар осының айқын айғағы.
3. Әпсананың тақырыптық ерекшеліктерімен өзгешеленетін тағы бір түрі - діни-кітаби хикаяттар. Мұнда исламның ұстанымдары уағыздалып, Құранмен Інжілдіңсюжеттері пайдаланылып, пайғамбарлармен әулиелер жөнінде әңгімеленеді. Мұнда да ескілікті және жаңа исламдық мифологияның белгілері қатар жүреді.
Жалпы әпсана-бағзы бір замандарда болыпты-мыс делінетін оқиғаларға немесе пайғамбардың, әулие-әнбиелердің ғажайып істерін баяндайтын діни сюжеттерғе негізделген, сондай-ақ нақтылы тарихи, кітаби дерек, тиянағы жоқ, таза қиялдың жемісі ретінде туған, фольклорлық прозаның көркемдік сипаты мейлінше қанық үлгісі