1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Айтысты мазмұны мен тақырыбына,түріне қарай жіктеу



бет114/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   148
126.Айтысты мазмұны мен тақырыбына,түріне қарай жіктеу

Айтыс табиғи дамуына, тақырыбына, көркемдік ерекшеліктеріне, мақсаты мен міндетіне қарай отандық ғылымда төмендегідей түрлерге жіктеліп келгені әзірге белгілі:



1.Әдет-ғұрып айтысы: Бәдік айтысы,  Өлі мен тірінің айтысы,  Жар-жар, Қыз бен жігіт айтысы (Қайымдасу), Қағысулар үлгісіндегі айтыстар.

2.Ақындар айтысы: Ру айтысы, Жұмбақ айтыс, Дін айтысы, Жазба айтыс, Қазіргі күнгі айтыс (Телевизиялық айтыс).

Әдет-салт айтысы топтық түрде, қандай бір рәсімді атқару мақсатында, жаттанды өлеңді, дағдылы әуенмен жікке бөлінген екі тарап алма-кезек хормен орындау арқылы жүзеге асады. Бұл туралы М.Әуезов «Бұл алуандас әдет-салт айтысы, көбінесе, өнер жарыстыру айтысы емес, тек дағдылы жолды атқару (жар-жар), ырым, наным бойынша ем-домға арнап айту (бәдік) ретінде ғана орындалады. Ондай айтыстардың өлең сөздері де көбінше ауыздан-ауызға көшіп жүретін жаттанды сөздер болады. Сондықтан, әдет-салт айтыстарында «жеңу», «жеңілу» сияқты қорытындылар болмайды. Және өзге өнер жарысының айтысындай бір жаққа екінші жақтың жол беруі, бәйге тартуы болмайды»,- деп жазады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет