1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Салтпен байланысты айтыстардың көне екендігі



бет115/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

127.Салтпен байланысты айтыстардың көне екендігі

Салт айтысы көне айтыстың бір түрі. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы және ақындар айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болуы оның салт өлеңі екендігін айқындайды. Қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса береді. Кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады. Қыз бен жігіттің айтысы – салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, негізгі бастамасы болады. Қандай ірі ақын болмасын, ер жетіп, ел намысын қорғау тәрізді күрделі майданға түсу үшін, алдымен ауыл арасындағы тойларда айтысу тәжірибесінен өтеді. Сол айтыстарға түсіп ысылады. Сауық құрған жастар қыздарды мақтап, не жамандап немесе оның айттырып қойған жігіті жайында сөз етеді. Мұндай айтыстардың мазмұны тартымды, күлкіге негізделген, тілі де, тартысатын мәселесі де жеңіл, шағын келеді. Көбінесе ұтқырлыққа, сөз тапқырлыққа құрылады. Бірін-бірі сүйген екі жастың өздерінің көңіл күйін сөз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет