1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Аңыздық прозаның жалпы сипаты. Аңыз. Миф. Хикая. Әпсана



бет36/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   148
40.Аңыздық прозаның жалпы сипаты. Аңыз. Миф. Хикая. Әпсана.

Аңыздык прозада тарихи шындыққа , нақтылы деректерге негізделген әңгімелер халықтың ауыз әдебитінде аңыздарға айналған . Бұл аңыз әңгімелер бертін келе әр түрлі қоғамдық жағдайларға , халық тілегіне сәйкес өзгеріп , жаңарып отырған , оған бергі заманның өмір шындығынан туған жаңа оқиғалар , көзқарастар қосылған . Аныздық прозаның бәрінде адамдардың аттарын айнытпай сақтай отырып , соңғы кездің тілектерін көрсететін аңыздар да қосылған .

Аңыз . Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы . Онда айтылатын оқиғалардың , кейіпкер аттарының , елді мекен , жер атауларының , мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді . - Аңыздың негізгі ерекшелігі шығарма мәтіні қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототиiнен көп алшақтатпайтындығы , циклды боп келуі дейді . Қазақ аңыздарынан Қорқыт ата , Асан Қайғы т.б. көптеген тарихи адамдар туралы аңыздар бар.

Әпсана - халықтың наным - сенімінен , арман - қиялынан туған прозалық жанрдың бірі , шындық пен қиялдың элементтерін пайдалана отырып , белгілі бір тарихи оқиға немесе атақты тұлға , Я болмаса топоним жайында көркемдей баяндайтын әңгімелер . Халық прозасының бұл жанры үш түрге бөлінеді : • a ) mapuxu - мекендік әпсаналар • ә ) әлеуметтік - утопиялық әпсаналар ● б ) діни - кітаби хикаяттар . Ғалым С.Қасқабасов орыстың « Легенда » сөзіне « Әпсан хикаят » терминін балама етті .

Миф ерте замандағы адамдардың өзі туралы , қоршаған ортасы , жалпы ғалам туралы , олардың орны мен реті , өзара байланысы , пайда болуы мен жоқ болуы туралы түсінігі . Ал ертегі адам өзі мен ғалам туралы не білген ? Ол түсінік бойынша ғаламда білгілі бір тәртіп бар , жануарлар , адамдар , перілер , құбыжықтар , Құдайлар , дәулер , алыптар мекен етедi .

Хикая ( әңгімелеу ) шығыс - түркі әдебиеттерінде әңгіме , новелла мағынасында қолданылатын әдеби термин . Хикая повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр . Хикая желісі шытырман сюжетке құрылады . Авторлары белгісіз . ауызша тарап , фольклорлық сипаталған Хикаялар да бар . Хикаяның өлеңмен жазылған түрі " хикаят " делінеді .






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет