1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Әпсана - қазақ фолклорының ертегіге жатпайтын шығарма



бет45/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   148
49. Әпсана - қазақ фолклорының ертегіге жатпайтын шығарма.

 Әпсана (легенда)- дегеніміз қазақ фолклорының ертегіге жатпайтын қиял мен кереметтік элементтерін мол пайдаланатын және бір шындық оқиғаны, кейіпкерді, мекенді қамтитын бірақ мұсылмандық дінге негізделмеген әңгіме.

 

Халық прозасының бұл жанры үш түрге бөлінеді:



а)mapuxu-мекендік әпсаналар

ә) әлеуметтік-утопиялық әпсаналар

б) діни-кітаби хикаяттар.

Әр түріне жекелей тоқтала,әпсананың мәнін ашайын.

1. Тарихи-мекендік әпсаналар кей жағдайда ежелгі мифтен де тарайды. Жер-су, мекен тарихын баяндайтын әпсаналардың сюжеті коп жағдайда сол тектес аңыздар сюжетіне ұқсатылып, қиялдан туады. Мәселен,«Тоқпанның балалары», «Айнақ көл», «Ыстық көл», «Қара жігіт», «Өгіздің терісі», «Қызылкеніш ордасы» сияқты әпсаналар осы негізде пайда болған

2. Бұлармен салыстырғанда әлеуметтік-утопиялық әпсаналар болмысты, өмірдің көкейкесті мәселелерін молырақ әрі айқынырақ қамтиды.Бұған мысал, Алтын Орда мен Ноғай Ордасы ыдырап, ел күйзелген тұста «Жерұйықты іздеген Асанқайғы» туралы, содан соң XVIII ғ.-да Өтегеннің Жиделі Байсынды іздегені жайындағы әпсаналар осының айқын айғағы.

3. Әпсананың тақырыптық ерекшеліктерімен өзгешеленетін тағы бір түрі - діни-кітаби хикаяттар. Мұнда исламның ұстанымдары уағыздалып, Құранмен Інжілдіңсюжеттері пайдаланылып, пайғамбарлармен әулиелер жөнінде әңгімеленеді. Мұнда да ескілікті және жаңа исламдық мифологияның белгілері қатар жүреді.

Жалпы әпсана-бағзы бір замандарда болыпты-мыс делінетін оқиғаларға немесе пайғамбардың, әулие-әнбиелердің ғажайып істерін баяндайтын діни сюжеттерғе негізделген, сондай-ақ нақтылы тарихи, кітаби дерек, тиянағы жоқ, таза қиялдың жемісі ретінде туған, фольклорлық прозаның көркемдік сипаты мейлінше қанық үлгісі

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет