1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі



бет49/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   148
Ғалым Ә.Қоңыратбаев қазақ ертегілерін тақырыбына қарай мынандай түрге бөледі: 

1) Мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер. 

2) Хайуанаттар жайындағы ертегілер. 

3) Тұрмыс-салт ертегілер. 



Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді: Қиял-ғажайып; Хайуанаттар туралы; Шыншыл ертегі; Тұрмыс-салт ертегілері

56.Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы. 

Жауабы:Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял-ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді. Ертегілер фольклорлық (халықтық) және әдеби ертегілер болып екіге бөлінеді. Әдеби ертегілер авторлық ертегілер болып бөлінеді, өйткені өз авторы бар. Автор өз ертегісінде басты кейіпкерлерді өзі ойдан шығарады, өз сюжеттерін ойлап табады, біз сондықтан бұл ертегі Пушкиннің, Әуезовтың ертегісі деп есте сақтаймыз. Фольклорлық ертегілердің жеке авторы жоқ, өйткені ертегілердің авторы- қарапайым халық. Халық ауыз әдебиетінде ертегілер ғасырдын-ғасырға ауысша түрде жетіп отырған. Ертегілерді 200 жыл бұрын жазбаға түсіре бастаған.

Ертегілер өз сюжетіне байланысты халық ертегілері қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, шыншыл , аң-құстар, жануарлар туралы болып бөлінеді.

Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттермен қатар еңбек. адамдарының да ерліктері орын алады. Еңбек адамдарының неше түрлі гажайып жағдайда жасаған ерлік істері, оларға ұшатын кілем, сөйлейтін жануарлар тағы басқа заттар көмектеседі.

Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері қарапайым адамдар. Адамдардың шыншылдығы,озбырлығы және өмірдегі қиындықтар жайлы баяндалады. Бұл ертегілер өте қысқа сюжеттері бір бағытта болып келеді. Бұл жерде алыс сапарға шығуы, ғажайыпқа тап болу туралы баяндалмайды. Бір жергілікті ауылды суреттеп баяндалады.

Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзінде шығуы ХІХ ғ. ІІ жартысынан басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваев т.б. ғалымдардың айрықша еңбек сіңіргендігін айта кетуіміз керек. Сол сияқты А.Алекторов, А.Васильев, Н.Пантусов, Б.Дауылбаев, Т.Сейфуллин, О.Әлжанов, Ж.Айманов, М.Ибрагимов және т.б. зерттеушілер қазақ халқының ертегілерін жинап, сол кездегі баспасөз беттерінде үзбей жариялап тұрды.

А.Васильев қазақ ертегілерін жинауды 1890 жылдары бастады. Ол көбінесе ертегілерді Торғай облысында тұратын қазақтардан жазып алып отырған. Кейін қызмет бабында ел аралаған кезінде көптеген ертегілерді қағазға түсірген. Соларды жинақтай келіп 1898 жылы жарық көрген «Образцы киргизской  народной словесности» деп аталатын кітабына тек қана қазақ ертегілерін кіргізген. А.Васильев 1906 жылы Ы.Алтынсаринның  «Қазақ хрестоматиясынан» қайта шығарған кезде ағартушының өзі қалдырып кеткен жазбалардан деп «Қара батыр», «Алтын Айдар», «Тазша бала» ертегілерін қосқан.  Бұл нұсқалардың соңғы екеуі Васильевтің 1898 жылғы өз кітабынан алынған үлгілер болды. Сөйтіп жинаушы барлығы 23 ертегі жазып алып, жариялағаны белгілі болып отыр. Қазірде осы үлгілердің 13-і қазақ ертегілері жинағына кіріп, рухани айналымға қосылған.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет