1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтың еңбектерінің құндылығы



бет50/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   148
57.Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтың еңбектерінің құндылығы. 

Жауабы: Қазақ фольклортану ғылымы тек Кеңестік дәуірде ғана түбегейлі қалыптасты деуіміз Қазан төңкерісіне дейін қазақ фольклоры жайында жүргізілген кейбір зерттеу еңбектерін жоққа шығармайды. Мәселен, Ш. Уәлиханов, В. Радлов, Г. Потанин, П. Мелиоранский, Ә. Диваев т.б. тәрізді ғалымдар мен ағартушылардың жалпы қазақ фольклоры туралы, оның кейбір жанрлары жайында айтқандары бар. Әрине, мұнда пікірлер үлкен ғылыми зерттеу еңбектерінің міндеттерін атқармаса да, қазақ фольклортану ғылымының қалыптасуына үлкен әсер еткені күмәнсыз.

Мәселен, қазақ халық поэзиясын жинаумен зерттеуде Г. Потаниннің қосқан үлесін бағалағанда, ең алдымен, оның ертегі, эпосты зерттеуге қаншалықты мол еңбек сіңіргені көзге түседі. Г. Потаниннің жиған-тергендерінің арқасында фольклордың құрамы әлемнің жаратылысы, рудың шығуы туралы және қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, мысқыл-сықақ ертегі, аңыздармен толықтырылды. Салыстырмалы әдістің кемшіліктеріне қарамастан Г. Потаниннің қазақ, ұйғыр, монғол және Сібір мен Алтайдағы түркі тілдес халықтардың поэзиясындағы өзара жақындықты анықтауы да аса бағалы

Халық мұрасын қолма-қол жинау арқасында, әрі халықтың өмірі мен әдет-ғұрпын ұзақ жыл бақылаудың нәтижесінде Ә. Диваев өзінің зерттеу жұмыстарына негіз етіп халықтан алынған дәйекті материалға сүйенді. Қазақ халық поэзиясын зерттеуші ғалымдар мен замандастары: В. Радлов, Г. Потанин, И. Березин, А. Васильев, П. Мелиоранский сияқты Ә. Диваев те қазақ поэзиясының ерекшеліктері туралы көп ізденді. Қазақ халық поэзиясының шығармалары басқа да халықтардың фольклоры сияқты «халық көзқарасының сәулесі», оның рухани бейнесі мен ұлттық характері екендігін ол жақсы түсінді.  Қай заманда да солай болған. Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, Ә. Диваев, Н. Гродеков, И. Шангин сияқты ауызша тарих нұсқасын жинаумен айналысқан ғалымдардың топтамалары архивте сақталған [2,5 б.]. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында еңбек еткен Ә. Диваев (1856–1933) қазақ халқының фольклор үлгілерін мол жинады. Шежіре мәліметін әсіресе халықтың этникалық тарихын зерделеуге көп қолданған.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет