60.Жануарлар туралы ертегінің жасалу жолдары.
Жауабы: Жануарлар туралы ертегілер , хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі. Жануарлар туралы ертегілер, негізінен, үш топқа бөлінеді: этиологиялық жануарлар туралы ертегілер, классикалық жануарлар туралы ертегілер және мысал ертегілер (аполог). Этиологиялық жануарлар туралы ертегілер — өзінің шығу мерзімі жағынан мұндай ертегілердің ең көнесі. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі, оның солай болу себебі жайында баяндалады. Бұл топтағы ертегілердің басты ерекшелігі — оқиғаны себеп-салдарлы сипатта баяндауы және байырғы синкреттілікті сақтап қалуы мен этиологиялық мифке жақын болуы. Бұл ертегілердегі хайуанаттардың сипаттамасы басқа елдер ертегілермен сарындас. Мысалы, түлкі — аса айлакер, екіжүзді, алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс — адуынды озбыр, қара күш иесі, аю — икемсіз, қарабайыр, т.б. Шығыс және Еуропа халықтарының жануарлар туралы ертегілерінің көпшілігін классикалық жануарлар туралы ертегілер құрайды. Олардың сюжеті де ұқсас болып келеді. Өйткені, бұл ертегілердің көпшілігі әр халықтың тарихында болған ұқсас жағдайдан туған. Ал біразы арғы тегі бір түркі халықтарының ежелгі дәуірінде пайда болған. Енді бір бөлігі мәдени, сауда, т.б. қарым-қатынастар арқылы ауысқан. Бұлардың моральдік және әлеуметтік мазмұны аса терең. Жыртқыштар қанаушыларды, әлсіз жануарлар кедейлерді еске түсіреді. Олардың іс-әрекетімен қатар мінездері де шебер сомдалады. Классикалық жануарлар туралы ертегілердің құрылымы онша күрделі емес. Олардағы сюжет хайуанаттар арасындағы кездесулер мен қақтығыстарға құрылады. Бір сарынды эпизодтардың өзгермей, үнемі қайталанып келетін түрі көптеген әлем халықтары ертегілерінде бар. Олардың үлгілері — “Қотыр торғай”, ”Кім неден күшті”, т.б. ертегілер. Мысал ертегілерде — баяндау белгілі бір моральдік қағида мен тұжырымды дәлелдеуге бағытталады, сол себепті олар көп жағдайда нақылмен аяқталады. Қазақ халқының мысал ертегілері шығыс фольклорымен тығыз байланысты. Мысалы, Орталық Азияға кең тараған “Қалила мен Димна”, “Тотынама”, т.б. Жануарлар туралы ертегілер адам болмысының ертедегі тотемдік сенімдермен байланысты пайда болған. Жануарлар туралы ертегілердің прозалық баяндаудан өлеңге көшіп отыратын үлгілері де кездеседі.
Кейіпкерлері жануарлар. Олар адам сияқты сөйлейді. Жануарлар арқылы адамдардың мінез – құлқын көреміз.
Ертегілердің ішінде балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақтың болашағын елестетіп келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял–ғажайып ертегілері. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс–әрекеттері баяндалады. Мысалы: Ертөстік, Қобыланды. Күлдіргі ертегілер негізінен Алдар көсе мен Жиренше шешенің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты.
Ертегілер – қиял ғажайып, оқиғалар жайындағы қызық әңгімелер, оларды көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.
Ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу - ең қызықты тақырып.
Әрбір бала ертегіні қызықтап оқиды, әңгімелеп береді және сол туралы сурет салуға құштар. Сурет салу кезінде ертегі баланың дүниетанымын, ақыл-ойын, шығармашылығын арттырады.
. Ертегі мазмұнына арналып салынған сурет иллюстрация деп аталады.
Иллюстрация жасағанда мынандай талаптар ескеріледі:
Басты кейіпкерді айқындау.
Ертегідегі ең қызық сюжеттік көріністерді бейнелеу.
Композициялық құрылымын айқындап барып қағаз бетіне түсіру керек.
Иллюстрация ертегінің мазмұнын ашуы керек.
Түрлі түсті бояулары ашық – жарқын болуға тиіс
Достарыңызбен бөлісу: |