79.Қазақтың көне эпостары:Құламерген,Таласбай мерген Құламерген” – қиял-ғажайып ертегі жыры. “Құламерген – Жоямерген”,
“Аламан – Жоламан”аталатын ертегілердің сюжеті негізінде Омбыөңірінде туып өскен Бектасов Әбдірахман өлең түрінде жазған. “ Құламерген” жырының мазмұны осы аттас ертегі желісімен бірдей. Жыр 1889, 1909 жылдары Қазан қаласында жарық көрді. Жыр батырлық пен ерлікті дәріптеп, қандай дүлей күш болса да жеңе алатын ержүрек, қаһарман батырды аңсаған ел арманын мазмұндайды. Жырдың бірнеше нұсқасы бар. Олар Қазан университетінің Шығыс қолжазба қорында, Қазақстан Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапхана қорында, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбабөлімінде сақтаулы Дотан батыр«Дотан батыр»– мифтік-ертегілік сарындары басым болғанмен, кейінгі эпикалық дәстүрмен байытылған көне эпостың бірегей үлгісі. Сондықтан шығарманың мазмұнында қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заманды суреттейтін оқиғаларға да елеулі орын беріледі. Дегенмен бұл сюжеттер көне эпоста аса кеңтараған батырдың қалыңдық іздеу мақсатындағы жорығымен сол сапардағысыннан өту мотивіне байланысты туындап, өріс алады. Шығармадағы ежелгі тұрмыс-тіршілік, батырдың қалыңдық елінде ұзақ тұрып қалуы сияқты ана еркі қоғамынан қалған сарындар эпостың байырғы көне сипатын айғақтайды. Жыршы Жүсіпбек Шайхысламұлы шығарманы халық арасынан алғаш жазыпалып, өзінше толықтырып, ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасыр басында бірнеше мәрте Қазанда жеке кітап түрінде бастырды (1884, 1903, 1915), кейін ол «Батырлар жыры» жинақтарында (1961, 2008) жарияланды. Еліміздің сирек қолжазбалар қорында жырдың М. Жүcіпов, А.Cегізбаев, Қ.Амантаев, Б. Қозыбақов жеткізген өзгеде 4 нұсқасы сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |