82.Шешендік сөздер және ақындар айтысының сабақтастығы
Шешендік сөз өнері көрнісі айтыс жырларына да тән қасиет. Алдымен ауыз әдебиет тарихынан белгілі би-шешендердің тұлғалық болмысына тоқталсақ. «Негізінде шешен-билер мемлекет тағдырын шешетін шынайы тұлғалар. Мемлекеттің көсегесінің көгеруі, дамуы, нығаюы, нағыз шешен-билердің тегеурінді өнерімен, өнегесімен, қызметімен тамырлас» [4-465].Би-шешенді осылай деп танитын болсақ, олардың сөйлеген сөзі, іс-әрекеті халықтық мақсат-мүдде тұрғысында өрбитіні белгілі. Жыраулар мен ақындар мұрасына тән әлеуметтік, бұқаралық сипат би-шешен туындыларына да ортақ Мәселен, Қаз дауысты Қазыбек бидің жырмен өрілген мына бір аманат іспеттес сөзі өзінің тағылымдық мәнімен қоса философиялық танымдылықты, әрі патриотизмдікті сипаттайды:
«Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Туып өскен елің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат»
Би-шешендердің аузынан шыққан дуалы сөз, кесімді пікірлері халықты әділдікке, ынтымақ-бірлікке, отанды-елді сүюге насихаттауымен құнды. Сонымен қатар, жыраулар мен ақындар, би-шешендер далалық мәдениеттің көкжиегін кеңейте отырып, көшпелі елдің көкірегіне сәуле құйған ағартушы-ұстаздар болды. Халықтың діни наным-сенімі, салт-дәстүрді ұстанудағы таным-түйсіктері, өмірге, тіршілікке деген философиялық көзқарастарының қалыптасуына ақын-жырау, би-шешендер өлшеусіз үлес қосты. Сөз өнерінің майталмандары болған дала ділмарлары қазақи ұғымға тән қарапайым тіршілік қағидаларының өзін тағылымдық сипатта насихаттап отырды.
ХҮІ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Құрмысы бидің шешендік сөздері үнемі мақал-мәтел, нақыл сөз сипатында айтылуымен ерекшеленеді
Достарыңызбен бөлісу: |